Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық инфляция. Экономикалық (іскерлік) цикл – бұл макроэкономикалық тұрақсыз-дықтың белгісі
ретінде нақты ЖІӨ-нің экономикалық белсенділік деңгейінің үнемі толқып және ауытқып
отыруы. Немесе, экономикалық дамудың жоғарылау кезеңдерінің құлдырау кезеңдерімен
ауысып отыруын, сондай-ақ, экономиканың бір фазадан екінші бір фазаға өту аралығын
(құлдырау фазасынан келесі бір құлдырау фазасына дейінгі аралық) айтамыз.
Циклдің теориялары экономикалық белсенділіктің белгілі бір уақыт аралығындағы
кезеңдік ауытқулары мен толқуларын, тұрақсыздықтың себептерін талдайды, ал экономикалық
өсу теориялары экономиканың ұзақ мерзімдік тенденция ретіндегі тұрақты өзгерістерінің
факторлары мен шарттарын зерттейді. Оны төмендегі суреттен көруге болады.
Суреттен көріп отыранымыздай, түзу сызық тренд ретінде сипатталады, яғни
тренд
дегеніміз – бұл ұлғаймалы тенденция формасында көрінетін эконо-микалық дамудың жалпы
тұрақты ұзақ мерзімдік бағыттылығы. Толқын тәріздес қисық дамудың біркелкі еместігін
сипаттайды, қоғамның экономика-лық даму кезеңінің құлдырау кезеңдерімен жалғасып
отыруын көрсетеді. Көтерілу мен құлдыраудың өзара тізбектеліп қайталанып отыруы
экономика-лық дамуға үнемі тұрақсыздықты байқататын циклдік сипат беріп отырады.
Сонымен, экономикалық цикл экономикалық белсенділіктің немесе ЖІӨ қарқынының өзара екі
бірдей жағдайының (бір құлдыраудан келесі бір құлды-рауға дейін) арасындағы уақыт
аралығын қарастырады.