Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя


Экономикалық өсудің неокейнстік модельдері



Pdf көрінісі
бет179/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

Экономикалық өсудің неокейнстік модельдері. 
Экономикалық өсудің қарапайым неокейнстік модельдеріне Евсей Домардың моделі мен 
Рой Харродтың модельдері жатады. 
Домар  моделі
  белгілі  бір  уақыт  талабына  сай  жиынтық  сұраныс  пен  жиынтық 
ұсыныстың  өндірістік  мүмкіншіліктерінің  артуындағы  инвестицияның  екіжақты  рөлін 
зерттейді.  Мұнда  инвестиция  экзогендік  функция  ретінде  қарастырылып,  оның 
мультипликативтік әсері ескеріледі. Домар ұзақ мерзімде толық жұмысбастылықты қамтамасыз 
етуді алға тартты және қысқа мерзімдік кейнстік тепе-теңдік шарттарын ұзақ мерзімді кезеңге 
ауыстырып  қарастырды.  Бұл  модель  өткен  ғасырдың  қырқыншы  жылдарының  аяғында  пайда 
болып, мынадай алғышарттардан құралды: 

 
модельде тек игіліктер нарығы ғана қарастырылады, ол тепе-теңдік жағдайда болады

 
өндіріс технологиясы Леонтьевтің өндірістік функциясымен көрсетіледі; 

 
өндіріс факторлары бір-бірімен алмастырыла алмайды; 

 
еңбек нарығында бағалардың икемсіздігінен артық ұсыныс пайда болады; 

 
капиталдың орташа өнімділігі (Y/K) мен жинақтау нормасы (S
Y
) тұрақты; 

 
шығарылым көлемі тек жалғыз ғана ресурс – капиталға тәуелді. 
Домардың  пікірінше,  егер  экономикалық  жүйе  толық  жұмысбастылық  кезінде  тепе-
теңдік  жағдайында  болса,  онда  сол  тепе-теңдікті  сақтау  үшін  жиынтық  сұраныс  өндірістік 
әлеуеттің  (инвестицияның)  қарқынына  сәйкес  өсуі  керек.  Сонымен,  модельдің  осы 
алғышарттарына  сәйкес,  игіліктер  нарығындағы  тепе-теңдікті  және  толық  жұмысбастылықты 
ұстап тұру үшін инвестиция көлемін тұрақты түрде берілген қарқынмен арттырып отыру қажет. 
Харрод  моделі
 
экономикадағы  функционалдық  байланыстарды  сипаттайтын 
теңдеулерден  құралады  және  кәсіпкерлердің  психологиялық  мінез-құлықтарын  талдауға 
негізделеді.  Мұнда  акселератор  ұстанымы  ескеріледі.  Бұл  модель  1939  жылы  жасалып, 
экономикалық өсудің жалпы теориялық негіздерін қалыптастыруға негіделген.  
Модельде  тек  игіліктер  нарығы  ғана  қарастырылады  және  ол  мынадай  алғышарттарға 
негізделеді: 

 
модельде инвестиция эндогендік функция ретінде қарастырылады

 
капитал сиымдылығы шамасы (K/Y) тұрақты; 

 
кәсіпкерлердің  мінез-құлқы  тауарлар  мен  қызметтерге  деген  сұранысқа  байланысты 
күтімдеріне негізделеді. 
Харрод «кепілдендірілген» экономикалық өсу түсінігін енгізді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет