онда кәсіпкерлердің күтімдері өсу қарқынына қарағанда ақталмайды, яғни еңбек
ресурстарының тапшылығы инвестицияны қысқартады және экономикалық белсенділік
дағдарысқа ұшырайды.
Егер ұлттық табыстың табиғи өсу қарқыны кепілдендірілген өсу қарқынынан артып
отырса, онда экономикалық дамудың мынадай екі жолы орын алуы мүмкін:
а) өсудің нақты қарқыны кепілдендірілген өсу қарқынына тең болады. Бұл жағдайда
экономика циклдік жұмыссыздықтың болуы кезінде қарқынды, әрі тепе-теңдіктік сипатта
дамитын болады;
ә) өсудің нақты қарқыны кепілдендірілген өсу қарқынынан жоғары болады. Бұл
жағдайда еңбек ресурстарының артықшылығы инвестицияның өсімін ынталандырып,
экономикалық өрлеуге жетелейді, ұлттық табыстың нақты өсу қарқыны күтілетін өсу
қарқынынан асып түседі.
Достарыңызбен бөлісу: