Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет188/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

Толық  жұмысбастылық
  –  бұл  жұмыс  күшінің  жалпы  санында  5,5%    және  6,5% 
мөлшерінде  жұмыспен  қамтылмағандардың  үлесін  сақтап  тұру,  яғни  бұл  жағдай  тек  циклдік 
жұмыссыздық  болмағанда  ғана  орын  алады.  Бұл  көрсеткіштер  әр  елде  әртүрлі  болуы  мүмкін, 
бірақ толық жұмысбастылықты жұмыс күшінің 100% жұмыс істеуі деп айтуға болмайды.  
Жұмыссыздықтың  табиғи  деңгейі
  –  бұл  әлеуетті  ЖІӨ-ге  сәйкес  келетін  толық 
жұмысбастылық кезіндегі жұмыссыздық деңгейі. Жұмыссыздықтың табиғи (теңгерімді) деңгейі 
фрикицондық  және  құрылымдық  жұмыссыздық  деңгейлерінің  қосындысына  тең.  Шетелдік 
тәжірибеде жұмыссыздықтың табиғи деңгейін басқаша «NAIRU» деп атайды.  
«NAIRU»  (
Non-Accelerations-Infliacion  Rate  of  Unemployment)  түсінігі  –  бұл  инфляция 
қарқынын  үдетпейтін  жұмыссыздықтың  деңгейі  немесе  инфляцияны  тұрақтандыратын 
жұмыссыздықтың  қалыпты  деңгейі.  Жұмыссыз-дықтың  табиғи  деңгейін  ресми  бағалау  алғаш 
рет  АҚШ-та  1960-жылдары  жүргізілді  және  оның  шамасы  4%-ды  құрады.  Кейіннен  Р.Рейган, 
Б.Клинтон  және  Дж.Буш  әкімшіліктерінің  орын  алған  саясаттары  нәтижесінде  оның  шамасы 
6,5%-ға  дейін  өзгерді.  Дегенмен,  жоғарыда  аталып  өткендей,  көптеген  экономистердің 
айтуынша, әртүрлі елдерде жұмыссыздықтың табиғи деңгейі-нің шамасы тәжірибе жүзінде 7%-
дан 20%-ға дейінгі аралықта жүруі мүмкін. 
Жұмыссыздық  пен  өнім  көлемі  арасындағы  өзара  байланыс  Оукен  заңы  деп  аталады. 
Оукен  заңына  сәйкес  жұмыссыздықтың  нақты  деңгейі  өзінің  табиғи  деңгейінен  1%-ға  өссе, 
онда  нақты  ЖІӨ  деңгейі  әлеуетті  ЖІӨ-ге  қарағанда  2,5%-ға  қысқарады.  Ал  2,5%  Оукен 
коэффициенті деп аталады. Оукен заңы игіліктер нарығы мен еңбек нарығы арасындағы өзара 


байланысты сипаттайды. Оукен заңы мынадай формуламен жазылады: 
Y* – Y / Y* = γ (u – u
*
), 
мұндағы,  Y*  -  толық  жұмысбастылық  жағдайындағы  өндірістің  әлеуетті  көлемі;  Y  – 
ұлттық  өндірістің  нақты  көлемі;  u  –  жұмыссыздықтың  нақты  деңгейі;  u
*
  -  жұмыссыздықтың 
табиғи  деңгейі;  γ  –  Оукен  коэффициенті.  Осы-ның  нәтижесінде  өндіріс  көлемінің 
жұмыссыздықтың нақты деңгейіне тәуелді екендігін байқауға болады. 
Жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне бірқатар факторлар әсер етеді: 
а) демографиялық факторлар
ә) елде бекітілген жалақының төменгі деңгейі; 
б) кәсіподақтардың ықпалы және т.б. 
Табиғи  жұмыссыздықтың  өзгеруі  ЖІӨ-нің  әлеуетті  деңгейінің  өзгеруімен  тығыз 
байланысты болғандықтан бұл мемлекет саясатының басты мәселесі болып табылады. 
Жұмыссыздықтың  экономикалық  және  экономикалық  емес  салдарлары  бар,  олар  жеке 
және қоғамдық деңгейде көрініс табады.  
Жұмыссыздықтың  экономикалық  емес  салдарлары  –  бұл  жұмысты  жоғалтудың 
психологиялық, әлеуметтік және саяси салдарлары.  
Жұмыссыздықтың  экономикалық  салдарлары  табысты  немесе  табыстың  белгілі  бір 
бөлігін  (яғни,  ағымдық  табыстың  төмендеуінен)  жоғалтудан,  сонымен  қатар,  біліктілікті 
жоғалтудан  (әсіресе,  жаңа  мамандық  иелері  үшін)  көрінеді  және  сондықтанда  болашақта 
жалақысы жоғары беделді жұмыс орнын табу мүмкіндігі төмендеуі мүмкін. 
Инфляция
  –  көпфакторлы  құбылыс,  ол  бағаның  жалпы  дәрежесінің  өсуі  арқылы  және 
нақты  активтерге  қарағанда  ақша  белгілерінің  құнсыздануы  арқылы  бейнеленеді.  Жеке 
тауарлар  бағасының  қандай  болмасын  өзгеруі  міндетті  түрде  инфляция  болып  табылмайды. 
Инфляцияға  қарама-қарсы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет