дефляция баға мен шығындардың жалпы төмендеуі болып
табылады. Бағаның өсуінің бәсендеуі
дезинфляция деп атайды.
Сонымен,
инфляция дегеніміз – бағалардың орташа деңгейінің өсу қар-қыны, бірақ бұл
жағдайда барлық бағалар өседі деуге болмайды. Инфляция кезінде кейбір бағалар бір қалыпта
қалады, ал кейбір бағалар төмендейді.
Инфляцияның пайда болу себептері монетарлық және монетарлық емес болып бөлінеді. Монетарлық емес себептер: -
экономикадағы диспропорциялар;
-
әскери-өнеркәсіптік кешеннің дамуына шектен тыс ақшаның бөлінуі;
-
тым күшті импорттық тәуелділікте болу кезінде экспорттық сектордың
әлсіз дамуы;
-
халықтың инфляциялық күтулері.
Монетарлық себептер: -
мемлекеттік бюджеттің тапшылығы;
-
ақша массасы көлемінің инфляция қарқынына әсері. Орталық банк активтерінің
ұлғаюы барлық жағдайларда ақша массасының өсіп отыруына алып келеді, бұл төлем
қабілеттілігі бар сұраныстың артуын білдіреді. Нәтижесінде игіліктерге жалпы баға деңгейі
өседі;
-