баланстанған (теңдестірілген) және
баланстандырылмаған (теңдестірілмеген)
болып бөлінеді.
6.
Мемлекеттің инфляциялық процеске әсер ету қабілетіне байланысты , инфляция
бақылаудан шықпаған және
бақылауға көнбейтін болып бөлінеді.
7.
ЖҰӨ-нің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты , экономикада сұраныстың өскен
жағдайында
ақиқат және
жалған инфляция орын алады.
8.
Бағаның болашақтағы өсу қарқыны және оған үйлесімді бейімделу дәрежесі туралы болжамның дәлме-дәл болуына-болмауына байланысты ,
болжауға болатын және
болжауға келмейтін инфляция болып бөлінеді.
9.
Инфляциялық процесті тудыратын және оған дем беретін факторларға байланысты
«сұраныс» инфляциясы және
«шығындар» инф-ляциясы болады.
«Сұраныс» инфляциясы – бұл өндірістің нақты көлеміне қарағанда жиынтық
сұраныстың артықшылығынан туындайтын және сатып алушылар тарапынан болатын
инфляцияның бір түрі. Инфляцияның бұл түрі алғаш рет кейнстік талдау шеңберінде зерттелген
болатын.
P
AS
P
1
P
0
AD
1
AD
0
Y
0
Y
1
Y
Сурет 10.1 Сұраныс инфляциясы
Жиынтық сұраныстың артуының инфляцияға деген әсері қазіргі экономиканың AS
қисығының қай кесіндісінде тұрғандығына байланысты (сурет 10.1):
экономиканың толық емес жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін көлденең
(кейнстік) кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келмейді,
тек жиынтық ұсыныстың және өндірістің көлемін арттырады (өндірістің кеңеюі қолданылмаған
өндіріс қуаттарын іске қосу есебінен жүзеге асырылады);
аралық (өспелі) кесіндіде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуін
және өндіріс көлемінің артуын туындатады;
экономиканың толық жұмысбастылық деңгейіне сәйкес келетін тік (классикалық)
кесіндісінде жиынтық сұраныстың ұлғаю салдары бағалардың өсуіне алып келеді, ал жиынтық
ұсыныстың және өндірістің көлемі өзгермейді.