0 Y* Y
Сурет 10.3
Инфляциялық шиыршық
Инфляциялық шиыршықтың осындай бұралымы 10.3-суретте көрсетілген. Айталық, E
0
нүктесінде экономика толық жұмысбастылық кезіндегі тепе-теңдік жағдайда тұр. Осы кезде
мемлекеттің бюджет-салық немесе ақша-несие саясаттарының көмегімен экономиканы
ынталандыруы жиынтық сұраныс қисығын AD
2
жағдайына жылжытып, тепе-теңдік E
1
нүктесіне орналасады. Баға деңгейінің өсуі ннфляциялық күтімдерді туындатып халықтың
экономикалық тәртіптері соған байланысты өзгере бастайды. Жалдамалы жұмысшылардың
талаптары бойынша жалақының мөлшерлемесі көтеріліп фирмалардың орташа шығындары өсе
бастайды. Ал AS қисығы солға-жоғарыға жылжып, жаңа тепе-теңдік E
2
нүктесі жағдайында
болады. Бұл үдеріс инфляцияны одан әрі үдетіп жалғаса беруі мүмкін. Сөйтіп, экономика
осындай «шырша тәріздес» мәселені бастан кешеді.
Достарыңызбен бөлісу: