Филлипс қисығы деп аталады. Кейіннен, Пол Самуэльсон мен Роберт
Солоу Филлипстің моделіне өзгеріс енгізді: жалақының өсу қарқыны деген көрсеткішті
инфляция көрсеткіші деп өзгертті. Филлипс қисығы қысқа мерзімді кезеңде жұмыссыздық пен
инфляцияның арасындағы өзара байланысты көрсетеді (сурет 10.3) және Самуэльсонның
пікірінше, тиімді саясатты жүргізу арқылы жұмыссыздық пен инфляция арасындағы
«компромисс» нүктесін табуға көмектеседі. Бұл компромисстің шарты Филлипс қисығының
көлбеулігімен анықталады. Қысқа мерзімді кезеңде бағалар мен жалақы мөлшерлемелерінің
инфляциялық сипатта өсуі еңбек ұсынысын ынталандырып өндірісті арттырады. Ал
инфляциялық үдерістерді басу жұмыссыздықтың өсуін туындатады.
Дегенмен, соңғы жылдары әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, инфляцияның жоғары
қарқынымен қатар жұмыссыздықтың жоғары деңгейі де бірге жүріп отырады. Дәлірек айтсақ,
бұл күрделі құбылыс жоғарыда аталып өткендей, стагфляция деген атқа ие болып 1973-1975
жылдары орын алған экономикалық дағдарыспен байланысты еді, сонымен қатар, 80-ші
жылдары жұмыссыздық пен инфляцияның бір уақытта төмендегендігі де байқалған. Сол
себепті Филлипстің теориясына және оның аясында жүргізілген экономикалық саясатқа
сенімсіздік туындады. Осыған байланысты осы теорияны әріқарай жетілдірудің қажеттілігі
пайда болды.
π
(инфляция
қарқыны)
Ph
(жұмыссыздық деңгейі) U
Сурет 10.4 Филлипс қисығы
Филлипс қисық сызығы теориясының аясындағы жаңа көзқарастар М. Фридмен мен Э.
Фелпстің
жұмыссыздық табиғи деңгейі теориясы арқылы көрініс тапты. Осы теорияға сәйкес
екі ғалымның ойынша Филлипс қисығы қысқа және ұзақ мерзім аралықтарында қарастырылған
жөн. Ұзақ мерзімде Филлипс қисығы
тік сызық түрінде болады. Егер жұмыссыздықтың нақты
деңгейі табиғи деңгейіне тең болса, онда инфляцияның нақты деңгейі инфляцияның күтілген
деңгейіне сәйкес келеді (сурет 10.5).
π
Ph
LR
(инфляция
қарқыны)
Ph
SR
(жұмыссыздық деңгейі) U
Сурет 10.5 Қысқа және ұзақ мерзімдегі Филлипс қисығы
Филлипс қисығын ұзақ мерзімде қарастырғанда инфляциялық күтімдер теориясы
қолданылады. Күтімдердің екі түрі кеңінен қолданылады: