«Шығындар» немесе
«ұсыныс» инфляциясы – бұл өндіріс шығын-дарының және
ресурстар бағаларының күрт өсуіне байланысты орын алатын дайын өнімге деген бағаның өсуі
мен өндіріс көлемінің қысқаруын білдіретін сатушылар тарапынан болатын инфляцияның түрі.
Инфляцияның бұл түрінің тәжірибе жүзінде пайда болуының себебі кейнстік бағыттың
инфляция тек толық жұмысбастылық жағдайында ғана орын алады деген қағидасының дұрыс
болмағанымен тығыз байланысты болып табылады. Әлемнің көптеген елдерінде инфляцияның
көріністері жұмыссыздықпен және өндірістің құлдырауымен ұштастырылды.
Ұсыныс инфляциясы кезінде жиынтық ұсыныс қисығы қысқа мерзімде солға жылжиды
(сурет 10.2). Мұндай жылжу кезінде инфляцияны жылдамдататын жалақының өсуі орын алады.
Бағалар мен өндіріс көлемі қарама-қарсы бағытта өзгереді: бағалар P
0
-ден P
1
-ге өседі, ал өндіріс
көлемі Y
0
-ден Y
1
-ге дейін қысқарады. Ұсыныс инфляциясы сұраныс инфляциясына қарағанда
аса қауіпті және ол стагфляция құбылысын туындатады, яғни,