Инфляцияның әртүрлі жіктелу критерийлеріне байланысты көпте-ген түрлерін ажыратуға болады: 1.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің «тереңдігіне», инфляцияға қарсы саясаттың инструментарийлеріне байланысты , инфляция
айқын (ашық) және
басылған-бүркемеленген
(жабық) түрде жүріп отыруы мүмкін. Инфляция процесінің айқын немесе ашық формада болып
отырғаны бағаның өсуі, ұлттық валюта курсының төмендеуі арқылы көрінеді.
Бағалардың еркін құбылуы жағдайларында орын алатын ашық инфляция-ның деңгейін
келесі формуламен анықтауға болады:
π = Р – Р -1 / Р -1 × 100%.
мұнда, Р – ағымдағы жылғы бағалардың орташа деңгейі; Р
-1
– өткен жылғы бағалардың
орташа деңгейі.
2.