құрылымдық жұмыссыздық – еңбек ұсынысы мен еңбекке деген сұраныстың
сәйкес келмеуінен пайда болатын мәжбүрлі ұзақ мерзімді жұмыс-сыздық. Жұмыссыздықтың
бұл түрі өндірістегі технологиялық алға жылжулармен байланысты және осыған сәйкес жұмыс
күшіне деген сұраныстың құрылымы өзгереді. Бұл жұмыссыздық мамандықтары «ескірген»
немесе ғылыми-техникалық прогресстің дамуына байланысты экономикаға қажеті шамалы
болып табылатын азаматтардың арасынан көрініс табады. Құрылымдық жұмыссыздыққа тап
болған азаматтар өз еңбек қызметтерін «дайын» күйінде еңбек нарығына ұсына алмайды және
жаңа жұмыс орындарына орналасу үшін кәсіби қайта даярлаудан өтулері қажет. Қайта
даярлаудан өту үшін аса көп уақыт кетеді және көбінесе мемлекет тарапынан қосымша
шығындар жұмсауды талап етеді.
3)