Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет185/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

фрикциондық  жұмыссыздық
  –  адамдардың  әртүрлі  өмір  кезеңдерін-де  бір  жұмыс 
орнынан  басқа  бір  жұмыс  орнына  тұрақты  түрде  ауысып  отыруына  байланысты  туындайтын 
қысқа  мерзімдегі  еркін  жұмыссыздық.  Жұмыссыздықтың  бұл  түрі  жұмыс  іздеумен  және  оны 
күтумен  байланысты.  Азаматтардың  кәсіби  біліктілігі  мен  жеке  талғамдарына  сәйкес  келетін 
жұмыс  орындарын  іздеу  белгілі  бір  уақытты  талап  етеді.  Мұндай  жағдайда,  бос  жұмыс 
орындары  және  оған  лайық  азаматтар  туралы  ақпараттар  жетілмеген  болып  табылады. 
Жұмыскерлердің  территориялық  жағынан  орын  ауыстыруы  да  белгілі  уақытты  талап  етеді. 
Жұмыс  күшінің  бір  бөлігі  кәсіби  мүдделерінің,  тұрғылықты  мекен-жайларының  өзгеруімен 
және басқа да себептердің болуы-мен байланысты өз қалауы бойынша жұмыстан шығып кетіп 
отырады.  Сондай-ақ,  жұмыс  орнын  бірінші  рет  іздеп  жүрген  азаматтар  да  жұмыссыздықтың 


осы категориясына кіреді. Мысалы, оқу бітіріп диплом алған жас маман иесі өз біліктілігін іске 
асыру үшін аса қолайлы жұмыс орнын іздеуі мүмкін. Фрикциондық жұмыссыздыққа тап болған 
азаматтар  жұмысқа  деген  қабілетті-ліктерін  еш  жоғалтпай  оны  кез-келген  уақытта  еңбек 
нарығында іске асыра алады. Еңбек нарығының үнемі өзгеріп отыруына орай және адамдардың 
жұмыспен  қамтылғандар  категориясынан  жұмыссыздар  категориясына  үнемі  ағылуынан  және 
керісінше ағылуынан жұмыссыздықтың бұл түрінен құтылуға болмайды. 
2) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет