циклдік жұмыссыздық – өндіріс деңгейінің құлдырауынан немесе жиынтық
сұраныстың жалпы төмендеуіне байланысты кез-келген мамандық бойынша жұмыс таба
алмаудан орын алатын жаппай жұмыссыздықтың аса ауыр түрі. Жұмыссыздықтың бұл түрі
жұмыссыздықтың нақты деңгейінің табиғи деңгейінен ауытқуымен байланысты. Экономикалық
құлдырау кезеңінде циклдік жұмыссыздық фрикциондық жұмыссыздық пен құрылымдық
жұмыссыздықты толықтырады, ал экономикалық өсу (өрлеу) кезеңдерінде циклдік
жұмыссыздық жоғалады.
Бірақ, еңбек нарығы тепе-теңдік жағдайында болғанда да фрикциондық және
құрылымдық жұмыссыздықтың деңгейі орын алады. Ал циклдік жұмыссыздық болса құлдырау
кезеңдерінде орын алады да, соның салдарынан жұмысбастылық жиынтық сұраныс пен
жиынтық ұсыныстың тепе-теңсіздігінен қысқарады. Циклдік жұмыссыздықтың орын алуы
күрделі макроэкономикалық мәселеге айналады, макроэкономикалық тұрақсыздықты
туындатады, ресурстардың толық қамтылмауын
болдырады. ХХ ғасырдың 60-шы жылдары американдық экономистер, Нобель сыйлы-ғының
лауреаттары Милтон Фридмен мен Эдмунд Фелпс «толық жұмысбас-тылық» және
«жұмыссыздықтың табиғи деңгейі» деген ұғымдарды енгізді.