Ақша-несие саясаты. Бұл жағдайда тіркелген валюта бағамы кезінде кіші ашық
экономикаға деген ынталандырушы ақша-несие саясатының салдарлары қарастырылады. Ақша
массасының ұлғаюы LM қисығын LM
2
жағдайына оңға жылжытады (сурет 13.5). Пайыз
мөлшерлемесі төмендеп инвестицияға деген сұраныс жоғарылайды және де соның салдарынан
табыс артады. Дәл сол уақытта, ішкі пайыздың әлемдік пайыз деңгейіне қарағанда төмендеуі (r
1
< r*, сурет 13.5a) ел ішінен капиталды кетіреді және төлем балансының тапшылығы орын
алады.
Капиталдың елден шығуы және төлем балансының теріс сальдосы шетел валютасына
сұранысты арттырады, ал ұлттық валюта бағамы төмендей бастайды (сурет 13.5ә). Бұл жерде
ОБ валюта бағамын тіркелген e
1
деңгейінде ұстап тұруы тиіс, ол үшін ОБ валюталық
интервенциялар жүргізеді (шетел валютасын сатады және ұлттық валютаны сатып алады).
Нәтижесінде ақша массасы қысқарып LM қисығы LM
1
жағдайына қайтадан қайтып
келеді. Ақша массасы қысқарғаннан кейін пайыз мөлшерлемесі артады және капиталдың
шетелге ағылуы тоқтайды. Сөйтіп белгілі бір уақыттан кейін экономика бастапқы жағдайына
қайтып келеді. Нәтижесінде ынталандырушы ақша-несие саясатының салдарынан ақша
массасының соншалықты арттырылуы табысқа әсер ете алмай қалады.
Сонымен,
тіркелген валюта бағамы кезінде кіші ашық экономикаға деген ынталандырушы ақша-несие саясатының нәтижесі тиімсіз болып қалады , өйткені ақша
массасының өзгеруі валюта нарығындағы қажетті интервеницялар арқылы тұрақтанып
отырады.
LM
1
LM
2
r
LM
1
e
IS
1
LM
2
e
1
r*
r
1
IS
1
0
Y
1
Y 0 Y
1
Y
2
Y
a)
ә)
Сурет 13.5 Тіркелген валюта бағамы кезіндегі ақша-несие саясаты