береді. Тек осы нүктеде ғана капиталдың сыртқа кетуі мен валюта бағамының төмендеуі
тоқтатылады.
Сонымен,
құбылмалы валюта бағамы кезінде кіші ашық экономикадағы
ынталандырушы ақша-несие саясатының нәтижесі тиімді болып табылады
, өйткені ұлттық
табыстың өзгеруіне айтарлықтай әсер етеді, яғни ұлттық валюта бағамының төмендеуінен таза
экспорт пен ақша массасының өсуі нәтижесінде ұлттық табыс артады. Мұндай жағдайда ақша
массасының өсуі ішкі сұранысты емес, сыртқы сұранысты ынталандыратынын айтқан жөн. Ішкі
пайыз деңгейі алдымен төмендейді, сосын бастапқы деңгейіне өседі және сәйкесінше, ұлттық
табыстың ұлғаю факторы
ретінде инвестиция емес, таза экспорт қарастырылады.
Басты қорытындысының мәні мынада, яғни ашық экономика жағдайын-дағы
макроэкономикалық саясаттың нәтижелері маңызды дәрежеде валюта бағамының режиміне
тәуелді болып табылады.
Бюджет-салық саясаты ұлттық табысқа тек тіркелген валюта бағамы кезінде ғана әсер
ете алады. Бұл осы саясаттың салдары пайыз мөлшерлеме-сінің өзгеруіне және капиталдың
сыртқа ағылуына немесе ішке құйылуына алып келуімен түсіндіріледі. Төлем балансының
пайда болған оң немесе теріс сальдосы валюталық интервенциялар арқылы ақша массасының
ұлғаюына алып келеді. Содан бюджет-салық саясатының тиімділігі арта түседі. Құбылмалы
валюта бағамы кезінде төлем балансының нөлдік сальдосы валюта бағамының өзгерісінен
бұзылады, бағамның өзгеруі экспорт пен импортқа әсер ете отырып бюджет-салық саясатын
тұрақтандырады немесе оның тиімділігін жоққа шығарады.
Ақша-несие саясатының тиімділігі де сол валюта бағамына байланысты болады.
Тіркелген валюта бағамы кезінде ОБ ақша массасын өзгерту бойынша дербес саясат жүргізу
мүмкіндігінен айырылады. Айналымдағы ақша санын өзгертудегі кез-келген талпыныстар
пайыз мөлшерлемесінің деңгейін өзгерте береді. Ол капитал қозғалыстарын өзгертеді және
төлем балансы тепе-теңдігінің бұзылуына алып келеді. Сыртқы тепе-теңдікті қалпына келтіру
үшін ОБ ақша массасының шамасын кері бағытта өзгертуге мәжбүрлі түрде шешім
қабылдайды. Егер мемлекет тіркелген валюта бағамы тәртібінен бас тартса, онда ақша-несие
саясаты ашық экономикадағы макрореттеудің тиімді құралына айнала алады. Оның тиімділігі
былай түсіндіріледі, яғни ақша массасының ұлғаюы пайыз деңгейін төмендетеді. Ұлттық
валютаның бағамы
төмендеп, қосымша ынталандырушы тиімділік пайда болады.
Сонымен, мемлекеттің ашық экономикадағы макроэкономикалық саясатының
тиімділігін арттырудағы мәселелерді шешу сол саясат құралдары-ның сәйкес үйлесімділіктерін
қажет етеді.
Қандай да бір мемлекет валюта бағамының тәртібін таңдай отырып, бір уақытта ішкі
макроэкономикалық реттеудің құралдарын да анықтап алуы тиіс. Және керісінше, ішкі
макроэкономикалық саясаттың басымды мақсаттарын (экономикалық өсу, инфляциямен күрес,
әлеуметтік көмек шараларын күшейту және т.б.) анықтай отырып, қолданыстағы кез-келген
сыртқы макроэкономика-лық саясаттың дәл осы мақсаттардың орындалуына кепілдік бере
алмайтынын да ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: