Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет318/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

Импорттық  квота
  –  импорттық  тауарлардың  көлемін  сандық  шектеу.  Импорттық 
квотаның  екі  түрі  ажыратады:  а)  абсолюттік  квота  –берілген  елге  әкелуге  рұқсат  етілген 
тауарлар  көлемі;  ә)  тарифтік  квота  –  төмен  ставка  бойынша  белгілі  уақыт  аралығында  нақты 
тауар әкелуге рұқсат беру. 
Экспорттық  квота
  –  экспорттық  тауарлар  көлемін  сан  жағынан  шектейтін  әдіс. 
Экспорттық квота  ел  экономикасы үшін экспорттың алатын рөлін көрсету үшін қолданылады. 
Мысалы, соңғы ХХ ғасырдың он жылдығында ЖІӨ-гі экспорт үлесі АҚШ пен Жапонияда 10%-
ды, Англия мен Францияда -24%-ды, Германияда- 34%, Бельгияда - 70%-ды құрады. 
Тарифтік емес шектеулерге сондай-ақ, демпинг пен сауда эмбаргосы жатады.  
Демпинг
  –  экспортер-өндірушілердің  сыртқы  рынокта  тауарларын  ішкі  бағадан  төмен 
бағамен  сатуы.  Демпингтің  тұрақты  және  уақытша  түрлері  болады.  Тұрақты  демпинг-
фирмалардың сыртқы рынокта монополиялық пайда табуы үшін ұзақ бойы тауарларын әлемдік 
рынокта төмен бағамен сату. Уақытша демпинг – тауарларды сыртқы рынокта өзіндік құнынан 


төмен  бағамен  сату.  Демпингтің  бұл  түрі  бәсекелесін  рыноктан  ығыстырып  монополиялық 
билік орнату үшін уақытша қолданылады. 
Сауда эмбаргосы
 – қандай да бір елдің басқа бір елге тауарлардың белгілі бір түрлерін 
экспорттауға  немесе  сол  тауарларды  импорттауға  тиым  салуы.  Мұндай  шектеулер 
экономикалық мүдделерді көздемейді, тек саяси себептерге байланысты жүзеге асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет