Қорытынды
1. Халықаралық сауда – әртүрлі мемлекеттердің ұлттық шаруашылықтарының
арасында жүретін тауар мен қызмет айырбасы. Халықаралық сауданың негізі – халықарлық
еңбек бөлінісі. Халықаралық еңбек бөлінісі жеке елдердің мамандандырылуын сақтайды.
2. Халықаралық еңбек бөлінісі мен тауар айырбасына әсер ететін факторлар мыналар
болып табылады: әлеуметтік-жағрафиялық; табиғи экономикалық; техникалық экономикалық
факторлар; ғылыми техникалық проресс.
3. Халықаралық сауда теориялары меркантилистер мен физиократтардың, классикалық
саяси экономия өкілдерімен дами түсті. Әсіресе, халықаралық саудада Д.Рикардоның
салыстырмалы артықшылықтар теориясы маңызды орын алады, сонымен қатар, А.Смиттің,
Милльдің, Хекшер-Олиннің, Леонтьевтің, Портердің теориялары халықаралық сауданы
әріқарай дамыта түсті.
4. Сыртқы сауданы реттеуде мемлекеттік жүргізетін экономикалық саясаттарын
протекционистік саясат және еркін сауда саясаты деп бөледі.
5. Сауда саясатында қолданылатын тарифтік және тарифтік емес шектеулер орын
алады. Тарифтік шектеуге кедендік баж салығы жатады, ал тарифтік емес шектеулерге
лицензиялар, квоталар, еркін экспорттық шектеулер, демпинг, сауда эмбаргосы жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |