Талғаусыздық қисық сызықтарының картасы – тұтынушы талғаусыздығы қисық
сызықтарының толық жиынтығы оның барлық ұнатымдарын көрсетеді (27 сурет). Картада
талғаусыздықтың басқа қисық сызығынан жоғары және оңға қарай жатқан талғаусыздықтың
қисық сызығы тұтынушы үшін ең ұнатымды тауар жиынтықтарын, көптеу пайдалылығы бар
тауарларды көрсетеді. Талғаусыздықтың қисық сызықтары әрқашан теріс еңкішті болып,
ешқашан қиылыспайды. Бір игіліктің екіншісімен тиімді ауысуы мүмкін болатын талғаусыздық
қисық сызығының телімі (участок)
ауысу аймағы (субституция) деп аталады (26 сурет). Бір
игілікті екінші игілікке ауыстыруға тұтынушының қажеттілігі жоқ (бұл қисық сызығының
сондай телімі).