5.
Бюджет сызығының мәні
3. Өндіріс теориясы
3.
Үй шаруашылығы – ол тауарлармен қызмет көрсетуін тұтынатын, кейбір
жағдайларда оларды өндіретін экономикалық қызмет субъектісі немесе адамдар тобы. Табыстар
мен шығыстар айналымының моделі (үлгісі) – экономика теория негізгі үлгісінің бірі – 2 негізгі
экономикалық субъектілері – өндіруші (фирмалар) және тұтынушы (үй шаруашылықтары),
тауар мен қызмет көрсету нарығы және қорлар нарығы арқылы жүзеге асырылатын өзара
әрекеттестікті көрсетеді. Үлгіде сағат тіліне қарсы нақты тауар ағындарының қозғалысы
көрсетілген. Үй шаруашылықтары қорлар нарығына өндіріс факторларын шығарады, олардың
ішіндегі негізгілері еңбек (өндіріс үдерісінде пайдаланатын адамдардың ақыл-ой және дене
қабілеттіліктері) және капитал (инвестициялар негізі болып келетін халық жинақтары), оларды
фирмалар сатып алады. Сонан соң, өндіріс үдерісінде тауарлар мен қызмет көрсетулер пайда
болады,олар тауарлар мен қызмет көрсету нарығына түсіп, тұтыну мақсатында үй
шаруашылықтарымен сатып алынады. Кері бағытта тауар ағындарына қызмет ететін ақша
ағындары жылжиды.
Сонымен, үй шаруашылықтары өндіріс факторларының негізгі жеткізушілері болып
табылады, осы тақырыпта соны қарастырамыз, бірақ тұтыну теориясы тұрғысынан. Әр жеке
адамның қарамағында белгіленген уақыты бар (ол уақыт шектеулі, аптада 7-24 сағат). Осы
уақыттың жартысында адам жұмыспен айналысады, жартысы – бос уақыты. Жеке адам
Достарыңызбен бөлісу: