Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет53/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

2.
 
Баға  өзгеруіне  тұтынушының  реакциясы. 
Алмастыру  нәтижесі  эффектісі  және  табыс 
эффектісі.
 
Бағаның  бір  игілікке  өзгеруі,  белгіленген  табыста  және  баска  игіліктер  бағасының 
тұрақтылығында бюджет сызығының жылжуы координаттар бастауына жақындау, не болмаса 
алыстау нүктесіне әкеледі. 
Талғам мен табыстың тұрақтылығында, бір игілік бағасы төмен дегенде, бюджет сызығы 
сағат  тілінің  жүрісіне  қарама-қарсы  бұрылып,  координаттар  бастауынан  барынша  алыстаған 
өспен жаңа нүктеде қиылысады. 
Көрсетілген  игілік  бағасы  өскенде,  басқа  жағдайлардың  тұрақтылығында,  бюджет 
сызығы бұрылып координаттар басталуына ең жақын өспен қиылысатын жаңа нүктеге әкеледі. 
 
 
 
Сурет 3.14. «Баға тұтыну» қисығы және «сұраныс заңы» тұжырымы 
 
3.14-суретте  Х  игілік  бағасының  бірте-бірте  төмендегенінде  бюджет  сызығының 
бұрылуы  көрсетілген.  Х  игілік  бағасының  төмендеуіне  сәйкес  тұтынушы  графиктегі  тепе-
теңдіктің жаңа нүктесіне жылжиды. 


Алғашқысында  тұтынушы  тепе-теңдіктің  Е
1
  нүктесінде  орналасады.  Графикте  (а  сурет 
3.14,) көрсетілгендей, егер Х тауарының бағасы төмендесе, ол Е
2
 нүктесіне жылжиды. Бағаның 
әрі  қарай  төмендеуі  тұтынушыны  Е
3
  нүктесіне,  одан  соң  төмендеуіне  жауап  ретінде  Е
4
 
нүктесіне жылжуына әкеледі. Осы нүктелерді қосқанда, «баға – тұтыну» қисығы шығады.  
3.14  а-суретте  тұтынушы  өзінің  бар  табысын  тауыса  жұмсап  сатып  ала  алатын  Х 
игілігінің  көлемі  Qх,  осіндегі  F
1
,  F
2
,  F
3
,  F
4
,  нүктелерімен  белгілеген.  Осы  нүктелер  арқылы  Х 
игілігінің  бағасын  анықтауға  болады.  Егер  осы  бағаларды  қарама-қарсыдағы  тұтыныған  Х 
игілігі көлеміне сәйкес белгіленсе, онда тұтынушының әртүрлі бағаларға байланысты сұраныс 
көлемін  көрсететін  сұраныс  қисығы  шығады  (3.14  б-сурет).  Бұл  Х  игілігіне  тұтыну 
сұранысының қисығы. 
«Баға–тұтыну»  қисығы  және  сұраныс  қисығы  –  бұлар,  басқа  жағдайлардың 
тұрақтылығында,  игілік  бағасы  өзгергенінде,  алынатын  игілік  көлемі  қалай  өзгеретінін 
суреттеудің екі түрлі әдісі. 
Алмастыру  нәтижесі  (эффектісі)  –  бір  игілікті,  олардың  салыстырмалы  бағалаларының 
өзгеруіне байланысты басқа игілікпен алмастыру. Игілік бағасының төмендеуі оған сүранысты 
ұлғайтады. Бір игіліктің бағасының өте төмендеуі басқа игіліктің бағасының тұрақтылығында, 
оған  деген  қызығушылықты  тудырады,  тұтынушы  қымбат  бағадағы  басқа  игіліктерді 
арзандаған  игілікпен  алмастыруға  ынталанады.  Керісінше,  айталық  егер  басқа  игіліктер 
бағасының тұрақтылығында кофе бағасы жоғарыласа, ол салыстырмалы қымбаттайды. Мұндай 
жағдайда оны сатып алу азаяды, есесіне шай көп сатып алынады. 
3.15-суретте көрсетілгендей, тұтынушы игілік жиынтығын  С нүктесінде таңдайды және 
ОЕ бірлігі тамақ өнімін тұтынады. F
1
E кесіндісі алмастыру эффектісін көрсетеді. 
Табыс  тиімділігі  –  тұтынушы  игіліктер  бағасының  өзгеруіне  сәйкес,  тұтынушының 
нақты табысының өзгеруі. 
Егер тұтынушының ақшалай табысы тұрақты болса, онда бағаның өсуі, ақшалай табысқа 
сатып  алуға  болатын  игіліктің  санын  дәл  білдіретін  нақты  табыстың  азайғанын  көрсетеді. 
Ақшалай  табыстың  тұрақтылығында,  егер  бірқатар  игіліктің  бағасы  көтерілсе,  тұтынушы 
табысы  азайып,  онда  ол  тұтынатын  барлық  игіліктер  азаяды.  Бұл,  бағаның  игілік  сұранысы 
көлеміне әсер етуін бейнелетін, осы өзгерістің тұтынушының нақты табыс көлеміне әсер етуіне 
байланысты, табыс тиімділігі. 
 
Сурет 3.15. Табыс тиімділігінің өзгеруі және қалыпты игілікті 
 алмастыру нәтижесі тиімділігінің графигі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет