бюджеттік сызық (бағалар сызығы) деп аталады (29 сурет).
Y
I/P
Y
I/P
X
X
29 сурет . Бюджеттік сызық
Бюджеттік сызықтағы кез келген нүкте бағалардың осы деңгейінде тұтынушы өз
бюджетінің шеңберінде сатып алуға мүмкіндігі бар тауарлардың ең жоғары көлемін көрсетеді.
Бюджеттік сызықтың теңдеуін шығару үшін
I – X және Y тауарларын сатып алу үшін шығаратын тұтынушының табысы
P
X
және P
Y
– X және Y тауарлардың бағасы дейік.
Бюджеттік шектеудің түрі:
I = P
X
X + P
Y
Y – тұтынушының табысы Х және Y тауарларын сатып алуға кететін
шығындар сомасына тең.
Математикалық өзгерулер (өңдеулер) арқылы бюджеттік сызықтың теңдеуін табамыз
(аламыз):
Y = (I/P
Y
) – (P
X
/P
Y
∙ X);
X = (I/P
X
) – (P
Y
/P
X
) ∙ Y
Егер тұтынушының барлық табысы Х тауарға кетсе, ол тауарды I/P
X
көлемінде (саны)
сатып алуға мүмкіндігі бар, осыған сәйкес, егер барлық табыс Y тауарға жұмсалса, ол I/P
Y
тауарды сатып алуға мүмкіндігі бар. Бюджеттік сызықтың енкіштік бұрышы Х тауар бірлігі
бағасының Y тауар бірлігі бағасына деген қатынасымен анықталады.
Бюджеттік сызықтан жоғары және оңга қарай орналасқан тауарлар жиынтығына
тұтынушының қолы жетпейді, өйткені олардың бағасы табысынан асып кетеді. Тұтынушы
табысының өсуі графикте бюджеттік сызықтың оңга қарай жылжуымен білінеді. Сәйкесінше,
бюджеттік сызықтың солға қарай жылжуы табыстардың азаюын, тұтыну деңгейінің түсуін
(төмендеуін) білдіреді. Бұл мына себептерден пайда болады:
1. Бағалардың өзгермеу жағдайында нақтылы, негізгі табыстың өсуінен/төмендеуінен;
2. Табыстың өзгермеу жағдайында тауарлар бағаларының өсуі/төмендеуі;
3. Табыс пен бағалардың өзгерістері.