тұтынушылардың ұнатымдары – кейде тұтынушылар бір ғана сауда маркасының
өнімдерін тұрақты түрде ұнатады. Монополия, сонымен бірге, нарықтағы адал емес (арам)
бәсекелестіктің нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Монополиялық биліктің көздеріне
байланысты монополияның әр түрлерін айырады:
1
жабық монополия – оның пайда болу себебі: егер монополиялық жағдай заңнамамен
қорғалса
2
ашық монополия – инновациялық (жаңалықтар) әзірлемелерімен байланысты: бір
уақытта фирма бірегей тауардың жалғыз өндірушісі болып қалады – (өз жаңалығының
нәтижесінде).