7. ұлттық ою-өрнек. Далалықтарда ең саны көп әрі кең таралғаны
ұсақ мал еді. Сондықтан да көшпелілердің негізгі ою түрі қошқардың
мүйізіне ұқсатылып «қошқармүйіз» аталуы тегін
емес. Қазақтар әдемі ою-өрнекке ерекше мән бер-
ген. Ою-өрнек далалықтарда байлық пен еркіндікті,
дербестікті және молшылықты білдіретін.
Ою-өрнек кез келген бұйымдарға немесе тұрмыстық
заттарға: ер-тоқым көрпешесіне, киімге, баскиімге,
әйелдердің әшекейіне, аяқкиімге, ыдыс-аяққа, кілем,
қоржындарға салынған. Музыкалық аспаптар, зер-
герлік бұйымдар, жиһаз, киіз үй жабдықтары, қару-
жарақтар, бесік пен сандық, қамшы т.б. тұрмыстық заттар өрнек термен
безендірілген.
Қазақ ою-өрнектерінде алуан түрлер мен сарындар: жан-жануарлар-
дың (зооморфты), космогониялық, өсімдіктің бейнесі, геометриялық т.б.
нақыштар кездеседі. Аса кең таралған ою-өрнек түрлері:
қошқармүйіз, түйемойын, мүйіз, қосмүйіз, сыңармүйіз т.б. Жануарларға байланысты
қазмойын, өркеш, өрмекші және өсімдік тектес
жапырақ, гүл қауыздары, үшжапырақ өрнек түрлері де кең таралған.
анықта! Қазақтың негізгі
ою түрі неге
қошқардың
мүйізіне ұқсатылып
жасалған?
Ою-өрнектердің алуан-
түрлілігі немен байла-
нысты деп ойлайсың?
Өзің бір ою түрін жа-
сап, қай сарынға жата-
тынын, қалай аталаты-
ны туралы айт.
54
Қазақ халқы ою-өрнек түсін таңдауға ерекше
мән берген. Көк түс аспанның, қызыл – от пен
күннің, ақ – тазалықтың, қуаныш пен бақыттың,
сары – парасаттың, жасыл – көктемнің, жастықтың
белгісі саналған.