термалды сулар кен орындарын барлау мен іздеу мақсатымен бұрғылайды.
Ұңғыманың негізгі саны мұнай жəне газ кен орындарын игеру мен барлау,
16
іздеу кезінде бұрғыланады, бұл жерде ҰГЗ əдістерінің алатын орыны ерекше.
Бұрғылау кезінде тау жыныстары бірқатар өзгерістерге ұшырайды. Тек қатты
тау жыныстары аз өзгереді, оларда ұңғыма диаметрі номиналға (қашау
диаметріне) жуық. Жарықшақты, борпылдақ, шайылуға жəне гидраттануға
бейімді тау жыныстарында каверна (ойық) пайда болады. Бұрғылау кезінде
құрамында қабаттық флюидттері (мұнай, газ, су) бар коллекторларда да елеулі
өзгерістер болады.
Нəтижесінде жуу сұйықтығының өткізгіш қабаттарға
фильтрациялануы туындайды. Негізгі флюид- мұнай, газ, қабат cуы - ығысады,
өту аймағы пайда болады. Бұл аймақтың болуы қабаттың қанығу сипатын
анықтауды қиындатады. Өту аймағының көп өзгеріске ұшыраған бөлігін
шайылған аймақ деп атайды. Коллектор қабаттардың кеуек мөлшерлері жуу
сұйықтығының сазды бөлшектерінің көлемінен аз, жүздеген микрометрден
аспайды. Сондықтан сұйықтық фильтрленеді де қабатқа тек сұйықтық енеді, ал
сазды бөлшектер ұңғыма қабырғасына шөгедіде оның диаметрін кішірейтеді.
Осылай сазды қабыршақтың пайда болу əсерінен диаметрдің кішіреюі өткізгіш
интервалдарды сипаттайды.
Жарылымды коллекторларда сазды қабыршақтар пайда болмауы мүмкін.
Бұрғылау біткеннен кейін, ұңғымаға құбырлар түсіріледі жəне оны
цементтейді. Болат колонналардың болуы, электрлік жəне электромагниттік
əдістерді қолдану мүмкіншілігін жояды. Сондықтан бұндай əдістер тек ашық
оқпанда қолданылады. Радиактивті, акустикалық жəне басқа бірнеше əдістер
ашық жəне шегенделген оқпанда да жүргізіледі. Сазды қабыршақтың, өту
аймағының, цемент тасының жəне колоннаның болуы, əдістердің өлшеу
тереңдігі жайлы сұрақты əр түрлі етді. Əдістердің микро жəне макро
қондырғылары болады. Біріншісі жақын аймақтарды зерттеу үшін, ал екіншісі
алыс, яғни өзгермеген аймақтарды зерттеуге мүмкіндік береді. ҰГЗ əдістері
пайда болғанға дейін ұңғыма қимасы үлгі алу жəне тасбаған материалдарын
зерттеу жолымен анықталды. Бірақта бұл тəсілдің бірнеше кемшіліктері бар:
ұңғыманың өтімділік уақытын жəне оның бағасын біршама өсіреді; қима
жайлы толық мəліметтің жоқтығынан тасбаған алу жеткілікті болмайды;
тасбағанды тереңдікке байланыстыру қиындық туғызады; зерттеу радиустары
кіші; тасбағанды бұрғылау кезінде көп өзгеріске ұшыраған бөліктерінен алады.
Осы уақыт ішінде ҰГЗ зерттеу радиусы үлкен, тереңдік бойынша сенімді
байланыстырылған мəліметтерді толық береді. Тасбаған алуға қарағанда ҰГЗ
жүргізу уақыты мен бағасы төмен. Бірақ ҰГЗ кеңінен пайдалану тасбаған
алуды толығымен жоя алмайды. Өйткені кейбір мəселелер тек тасбаған
материалдары мен ғана шешіледі: шөгіндінің жиналу шарты мен диагенезі,
кеуек кеңістігінің түрі, минералдық құрамы жəне т.б. Бұдан да басқа
геологиялық жəне физикалық параметрлер арасындағы корреляциялық
байланыстары тығыз, олардың нақты түрі тасбағанды зертханада зерттеу
негізінде шешілуі мүмкін. Осылай ҰГЗ мен тасбаған материалдарын
зерттеулер бірігіп ұңғыманың қимасын нақтылайды. Геологиялық зерттеулер
тəжірибесінде ҰГЗ əдісін енгізу тасбаған алуды тек азайтады. Қазіргі уақытта