3.2. Тау жыныстарының МЭК жəне оның мұнай-газдылықпен,
кеуектілікпен, қабат
суының
температурасымен
жəне
минер-
ализациясымен шөгіндінің литологиялық сипаттамасымен бай-ланысы
Электрлік кедергіні бізге белгілі төмендегі өрнекпен анықтайды.
s
l
R
/
r
=
3.2
3.2 өрнегіндегі
ρ
коэффициенті меншікті электрлік кедергі деп аталады
жəне қолданбалы геофизикада ом*метр (ом*м) мен өлшенеді. Меншікті
электрлік кедергі тау жыныстарының электр өткізгіштігіне кері пропорционал.
Мұнай жəне газ кен орындарының қималарын жыныс құраушы
минералдар жəне қуыстар, осы қуыстарды су, мұнай, газ немесе осы
флюидтердің қоспасы толтырып тұрған шөгінді тау жыныстары құрайды.
Көбінесе, жынысты құраушы минералдардың кедергісі үлкен жəне электр
тоғын өткізбейтін болып келеді.
Шөгінді тау жыныстары арқылы электрлік тоқ өткен кезде өткізгіш
рольін құрамында еріген тұздары бар қабат суы атқарады. Əрбір жеке жағдайда
МЭК – нің көрсеткіші тау жыныстарының қуыстары қабат суымен қаныққан
меншікті кедергіге, жыныс қуыстарындағы көмірсутек жəне сулы
ерітінділерінің құрамдық пайызына, жыныстың текстуралық ерекшелігіне
байланысты.
Өз кезегінде қабат суының кедергісі еріген тұздар құрамына,
концентрациясына жəне температурасына байланысты. Қышқыл тұздардың
сулы ерітінділерінің концентрациясы (минерализациясы) бірдей кезде меншікті
кедергі мəндері жуық болады. Қабат суларында CI
-
, S0
4
2
, Na
+
, Са
2+
жəне
Mg
2+
иондардың концентрациясы жоғары. Ал I
-
, Вr
_
жəне т.б. иондардың саны
төмен. Тұз NaCl –дан тұрады.
Шөгінді жыныстардың басым көпшілігінің электр тоғын жақсы өткізуі
қабат суына байланысты, ал тау жынысын құраушы минералдар электр тоғын
өткізбейді, меншікті кедергі қабат суының минерализациясына ғана емес жəне
олардың көлеміне немесе жыныстың кеуектілік коэффициент көрсеткішінен -
қабат суымен 100% қанығуына байланысты. Жыныстың кеуектілік
20
коэффициенті жоғары болған сайын, оның құрамындағы флюид тоқты жақсы
өткізеді де меншікті кедергісі төмен болады. Меншікті кедергі жыныстың
кеуектілік коэффициентінен тəуелді екенін есептеу кезінде, қабат суының
минерализациясының əсерін есептен алып тастау үшін əдетте, кеуектілік
параметрі аталатын жыныстың кеуек қуыстары 100% қабат суына қанығуына
қатысты кедергіні қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |