кедергілері бойынша бөліп шығуға негізделген электрлік каротаж əдістерін-
жабындылық градиент зонд.
21
Көрінерлік кедергі əдісі бойынша каротаж жүргізу тау жынысының
көрінерлік меншікті кедергісін үш электродты зондпен өлшеуге негізделген.
Ол үшін төрт электродты MANB қондырғысы пайдаланылады. М, А, N немесе
М, А, В үш электродтары (каротаждық зонд) ұңғымаға кабель арқылы
түсіріліп, ал төртінші электрод В немесе N ұңғыма ернеуінде қазық ретінде
жерге енгізіледі (заземление). Бір қоректендіруші А жəне екі өлшеуші М, N
электродтарынан тұратын зонд бір полюсты, ал бір өлшеуші М жəне екі тоқты
(қоректендіруші) А, В электродтарынан тұратын зонд екі полюсты деп аталады.
Екі жағдайдада КК есептеу кедергі əдісінің формуласы бойынша
есептелінеді:
I
U
k
k
/
D
×
=
r
, мұндағы
k
- зондтағы электродтар ара-қашықтығына
байланысты коэффициент; ∆U – М жəне N өлшеуші электродтар арасындағы
потенциалдар айырымы
.
Зонд түріне байланысты коэффициент келесі
формуланың біреуі бойынша анықталады.
K = 4π AM•AN/MN немесе K = 4π AM•BM/AB.
Жыныстардың МК параметрін өлшеу үшін əр түрлі зондтар (үш электроды бар
қондырғы) пайдаланылады: градиент-зондтар жəне потенциал-зондтар.
Граидиент-зонд деп M жəне N немесе А жəне В жұп электродтары аралығы, А
жəне М немесе N жəне А сыңар (жұп емеc) электродтары аралығына қарағанда аз
зондтарды айтады.
Градиент-зондтың мөлшері АО-ға тең (О - тіркеу орны, М, N (A, В) жұп
электродтар орталығы). АО көбейген сайын зерттелетін ортаның тереңдігі де көбейеді.
Егер градиент-зондтың жұп электроды, сыңар электродтың астында болса, ол
табандылық деп, кepiciншe болса жабындылық деп аталады.
Потенциал-зонд деп, МА аралығы жұп электродтар М, N (A, В) аралығынан, аз
болған жағдайда айтылады. МА немесе МВ ұзындығы потенциал-зондтың мөлшері
болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: