Негізгі əдебиет 1 нег. [3–9], 2 нег. [3-6]
Қосымша əдебиет 2 қос. [181-182]
Бақылау сұрақтары:
1.ҰГЗ негізгі əдістері.
2.
Барлау геофизика əдістерінен каротаждың ерекшеліктері?
3.
ҰГЗ əдістерінің жіктелуі?
4.
ҰГЗ түсінік беріңіз?
3 дəріс. Ұңғыманы зерттеудің электрлік əдістері
Электрлік каротаждың негізгі мақсаты - жыныстардың көрінерлік меншікті
кедергілерін (МК) жəне табиғи потенциалдың (ТП) ұңғыма оқпаны бойымен өзгерісін
зерттеу арқылы геологиялық қиманы ажырату. Электрлік каротаж екі түрлі əдіспен
жүргізіледі: кедергі əдісі (метод сопротивлений) жəне өздігінен пайда болатын электр
өpici əдісі (метод самопроизвольно возникающего электрического поля). Кедергі
əдісімен жүргізілетін каротаждың негізгі түрлері: əдеттегі (обычный) зондпен каротаж
(фокусталмаған), бүйірлік жəне индукциялық каротаж, микрокаротаж. Ортаны
(ρ
к
)
өлшеу көрсеткіші көрінерлік меншікті электрлік кедергі болып табылады жəне өлшем
бірлігі - Ом*метр — (Ом*м). Ұңғыманы толтырып тұрған жуу сұйықтығы тоқ
өткізбейтін болса, онда электрлік каротаж жүргізілмейді
Достарыңызбен бөлісу: |