КК əдісін талдау мен қолдану аймағы
.
4.2 суретінде қалыңдығы үлкен
кедергісі жоғары қабаттағы КК диаграммасының түрі келтірілген.
Көрініп тұрғандай градиент-зонд қисығы потенциал зонд қисығынан
өзінің ассиметриясымен (бір біріне сəйкес келмеуі) ерекшеленеді, бұл қабаттың
жабыны мен табанын теңестіруге мүмкіндік береді. КК мəліметтерін талдау КК
диаграммаларында ρ
k
аномалияларын көзбен бөліп шығудан басталады, олар
шоғырланған қабаттың тереңдігін əртүрлі меншікті электрлік кедергілері
бойынша анықтайды. КК қисықтарының ерекшеліктері мен пішіні тек кедергі
жəне қабат қалыңдықтарымен ғана анықталмайды, ол ұңғыма диаметрімен,
бұрғылау сұйықтығының минерализациясымен, оның жынысқа өту радиусымен
(жыныстың кеуектілігінен жəне ұңғыма оқпанындағы жəне қабаттағы
сұйықтың қысымының айырмашылығында), сонымен бірге диаграмма алынған
зонд ұзындығымен жəне түріне байланысты. КК əдістер теориясында, кез-
келген зондтар кедергілері үшін жəне қалыңдығы əртүрлі қабаттардың
кедергілеріне график құрылып жəне формула есептелген.
4.2 сурет- меншікті электрлік кедергі диаграммасы: қалыңдығы үлкен жоғары кедергілі қабат
(1) нақты жəне потенциал зонд (2), градиент-зонд (3).
Потенциал зондпен алынған КК қисықтары симметриялық пішінімен
ерекшелінеді. Қабаттың ортасы, максимумдармен кедергілердің жоғарлауы, ал
минимумдарымен-төмендеуі ерекшелінеді. КК қисығында табандылық
градиент-зондта максимумдарымен кедергісі жоғары қабаттың табанын жəне
кедергісі төмен қабаттың жабынын, ал жабындылық градиент зонд
максимумдарымен кедергісі жоғары қабаттың жабынын жəне кедергісі төмен
қабаттың табанын бөліп көрсетеді. Осылай градиент-зонд көмегімен тез
қабаттың жабыны мен табанын анықтауға болады, бірақ оның қалыңдығы мен
ортасының орналасуын білу қиын. Екі зондты КК графигі бойынша-
жабындылық жəне табандылықпен нақты орыны жəне қалыңдығы анықталады.
КК стандартты зондтардың мəні бойынша жəне БКЗ қисықтарын талдау
нəтижесінде жыныстың кедергісінің нақты мəнін жəне бұрғылау ерітіндісінің
өту радиусын бағалауға болады. Бұрғылау ерітіндісінің өту радиусы үлкен
24
болған сайын жыныстың кеуектілігі жəне олардың коллекторлық қасиеті
жақсы.
Көрінерлік кедергі – ұңғымаларды геологиялық құжаттау, құрамы əр түрлі
литологиялық қабаттарды анықтау жəне олардың тереңдігі мен қалыңдығын,
кеуектілік коэффициентін, мұнайлы жəне сулы қабаттарды анықтау үшін
қолданылатын геофизикалық зерттеудің негізгі əдістерінің бірі.
Достарыңызбен бөлісу: |