Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрілігі


 Бүйірлік  каротажды  зондылау



Pdf көрінісі
бет28/90
Дата19.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#129510
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90
Байланысты:
Копия baigazieva kasipshilik umk kz

4.2 Бүйірлік  каротажды  зондылау.

Қабаттың нақты (истинное) меншікті

кедергісі, негізінен, бүйірлік  каротаждық  зондылау (БКЗ) əдісімен  анықталады. Бұл

əдісті қолдану барысында ерітінді фильтратының ұңғыма қабырғасына сіңу белдемі де

анықталады.

БКЗ  əдісінде  градиент – зондтардың  төмендегі  түрлері  пайдаланылады:

табандылық – А0,4М0,1N; А1М0,1N; А2М0,5N; А4М0,5N; A8M1N немесе

жабындылық – N0,1M0,4A; N0,1M1А  жəне  т.б. БКЗ  диаграммаларын  өңдеу

нəтижесінде қабаттар дараланып, зондылау қисық сызығы ρ

к

=



¦

(AO) тұрғызылады.

Қалың жəне жоғары кедергілі қабаттар үшін зондылау қисық сызығын тұрғызу

барысында  МК  параметрінің  орташа  мəндері  пайдаланылған  жөн. Ал, орташа

қалыңдықты жəне жоғары кедергілі қабаттар үшін (6< h<20 м) МК-нің орташа жəне ең

жоғары  мəндерін  пайдалану  керек. Жоғары  кедергілі  жұқа  қабаттар  үшін (h<6 м),

əдетте, экстремалды зондылау қисық сызықтары тұрғызылады.

БКЗ-нің  мəліметтерін  интерпретациялау  барысында  тұрғызылған  зондылау

қисық сызықтары теориялық қисық сызықтары салыстырылып, олардың арасындағы

сəйкес  келетіндерінің  параметрлері (меншікті  кедергі, фильтраттың  сіңу  белдемі)

алынады.

Алынған БКЗ зондылау қисық сызығы алдымен екі қабатты палеткадағы қисық

сызықтармен (БКЗ-1) салыстырылады. Егер  тəжірибелік  БКЗ  қисық  сызығы

палеткадағы  ешбір  қисық  сызықпен  сəйкес  келмесе, бұл  ұңғыма  қабырғасына

фильтраттың енгенін білдіреді.

БКЗ  нəтижелерін  мұндай  əдіспен  талдаудың  қарапайымдылығына  қарамастан,

кемшіліктері де бар.

1.Тек  қана  əдеттегі  зондтар  нəтижелері  пайдаланылады. Басқа  зондтармен

алынған мəліметтерді пайдалануға болмайды.

2.Өңдеу  процесін  автоматтандыру  мүмкін  емес. Сондықтан  ұңғыма  ашқан

жыныстардың  меншікті  кедергісін  анықтау  үшін  каротаждың  басқа  түрлері

пайдаланылады.

БКЗ  əдісін  пайдаланудың  қолайсыз  жағдайлары: қиманың  əртектілігі

(кедергілері əр түрлі қабатшалардың алмасуы), аса жоғары немесе төмен кедергілі тау

жыныстары, ұңғыма жуатын ерітіндінің кедергісінің аз болуы (тұзды ерітінділер). Бұл

жағдайларда каротаждың басқа түpлepi пайдаланылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет