Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрілігі


 Өзіндік  поляризациялық  потенциалдар  əдісі



Pdf көрінісі
бет36/90
Дата19.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#129510
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   90
Байланысты:
Копия baigazieva kasipshilik umk kz

6.2 Өзіндік  поляризациялық  потенциалдар  əдісі.

Табиғи  электрлік

өрістер  параметрлерін  тіркеуге  негізделген  электрлік  каротаждың  бір  түрі.

Өлшенетін  көрсеткіш  ӨП  электрлік  өрісінің  потенциалы (U

пc

) немесе


потенциалдар айырмашылығы (U

пc

) болып табылады. Өлшем бірілігі- мили вольт



(мВ). Табиғи  өрісті  немесе  өздігінен  туындаған  потенциалдар (ӨП) əдістерімен

зерттеулер, электрохимиялық  белсенділігі  əр  түрлі  қабаттарда  туындайтын

тұрақты  табиғи  потенциалдарды  өлшеуге  əкеледі. Табиғи  потенциалдар  əр  түрлі

тау  жыныстарында  болатын  сүзгілену, диффузиялық-абсорбциялық, тотығу-

тотықсыздану кезінде туындайды. Өзіндік поляризацияларды өлшеуді қорғасынды

электрод  атқарады. ӨП  əдісі  потенциалдар  тəсілімен  жұмыс  жасайды, яғни



N


30

электроды ұңғыма сағасына  жақын  жерге  орналасады жəне екінші  электрод М

ұңғыма бойымен жылжып отырады (6.1 сурет).

U

ӨП MN



= U

ӨП M


 - U

ӨП N


Өлшеу  барысында  тіркелген  қисық  сызық  М  электродындағы  электр  өрісінің  əр

тереңдіктегі  өзгepiciн  көрсетеді. Өйткені  N электродының  потенциалы  өзгермейді,

сондықтан  U

ӨП MN


= U

ӨП M


 - U

ӨП N


 = U

ӨП M


 – тұрақты.

ӨП  диаграммаларының  аномалиялары  бойынша  электрохимиялық

белсенділігі  əр  түрлі  қабаттарды  бөлуге  болады. ӨП  диаграммаларымен

литологияны  бір  мəнмен  талдау  қиын, өйткені  табиғи  электрлік  өріс  əр  түрлі

факторларға байланысты. Əркезде сазды жыныстарға қарсы ӨП аномалиялары -

оң, ал  кеуекті  өткізгіш  қабаттарға  қарсы - теріс  көрсеткіштер  болады. Қатты,

өткізгіштігі  нашар құмтастар, əктастар, магмалық  жыныстардың аномалиялары

аз  болады. ӨП  əдісін  геологиялық  қимасын  бөлуде  жəне  көрші  ұңғымалар

бойынша  жеке  қабаттарды  корреляциялау, нашар  өткігіш  тақта  тастарды,

саздарды  табу  жəне  жақсы  өткізгіш  құмдарды, кеуекті  əктастарды  анықтауда

қолданады.

6.1 сурет – ӨП мəліметтерін жартылай автоматтандырылған тіркеу сұлбасы

а – сұлба қондырғысы: 1 - блок-баланс, 2 - коллекторлі лебедка, 3 - милливольтметр, 4 -

тіркеуші, 5 -лентасозылмалы механизм (6) блок-баланстің ролигімен майысқақ валикке

қосылған, 7 – диаграммалық қағаз, 8 - қалам; б – ұңғыма бойындағы табиғи потенциал

диаграммасы: / (жер беті) и /// (əктастар) - электрохимиялық активтілігі əлсіз қабаттар, //

(саздақтар) жəне

V

(саздар) - ӨП аномалисы оң қабаттар,



IV -

өткізгіш қабаттарға тəн ӨП

аномалиясы теріс қабаттар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет