Казақстан республикасы білім жəне ғылым министрілігі


Негізгі əдебиет 1 нег.  [14-27], 2 нег. [27-30], 3 нег. [26-49]



Pdf көрінісі
бет35/90
Дата19.01.2022
өлшемі2,84 Mb.
#129510
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90
Байланысты:
Копия baigazieva kasipshilik umk kz

Негізгі əдебиет 1 нег.  [14-27], 2 нег. [27-30], 3 нег. [26-49],

Қосымша əдебиет  1 қос. [186- 189]

Бақылау сұрақтары

1. Бүйірлік каротаж (БК) дегеніміз не?

2. МБК қандай мəселелерді шешеді?

3. Индукциялық каротаждың ерекшелігі.

4. ИК көмегімен не өлшенеді?

5. БК қандай зондтар қолданылады?




29

6 дəріс. Индукциялық  каротаж. Өзіндік  поляризациялық  потенци-

алдар əдісі (ӨП). Ұңғымадағы табиғи электрлік өріс

6.1 Индукциялық  каротаж (ИК).

Индукциялық  каротажды  жүргізу

кезінде тау жыныстарының меншікті электрлік өткізгіштігі өлшенеді. Ол үшін

ұңғыма  ішіне  генераторы (Г) жəне  өлшеуші (И) катушкалары  бар  аспап

түсіріледі. Генератор мен өлшеуші катушкалар ара қашықтығы зонд ұзындығы

деп  аталады. Генераторлы  катушкада  өлшеу  жүргізу  кезінде  айнымалы  тоқ

көмегімен  айнымалы  магнит  өрісін  белгілейді  Фарадей  заңына  сəйкес, осы

уақытта  тау  жыныстарында  зондтың  өлшеуші  катушкасына  тіркелетін

электромагнитті құйынды тоқтар пайда болады. Ал, бұл құйынды тоқ жыныстарда

қосымша  магнит  өpiciн  тауып, ол  бастапқы  магнит  өрісімен  қосылып, қабылдаушы

катушкада  электр  қозғаушы  күш (ЭҚК) пайда  болады. Бұл  ЭҚК  жыныстардың

электрлік өткізгіштігіне, яғни меншікті кедергісіне тікелей пропорционал. Ұңғымадағы

аспапты қоршаған орта біртекті болмағандықтан, өлшенген электрлік өткізгіштік шама

көрінерлік электрлік өткізгіштік болып есептеледі, яғни



с

с

к

к

К

Е

=

=



r

s

1



мұндағы  К

с

 - катушкадағы  сигналдан  меншікті  электрлік  өткізгіштікке  көшу  үшін



пайдаланатын  коэффициент. Көрінерлік  меншікті  электрлік  өткізгіштік  сименс/метр-

мен өлшенеді (См/м). Сименс - кедергісі 1 Ом-м-ге тең өткізгіштің өткізгіштік қабілеті.

Индукциялық каротаждық зондының шифры - бірінші сан зондтағы катушкалар

санын  білдіреді (өлшеу  дəлдігін  арттыру  үшін  басты  екі  катушкадан  басқа  зондта

бірнеше қосымша катушкалар болуы мүмкін) Ф, И немесе Э əpiптepi зондтың түрін,

үшінші  элемент  зондтың  ұзындығын (басты  екі  катушкалар  ортасынын, ара

қашықтығы) көрсетеді (мəселен, индукциялық зондтың шифры 6Ф1).

Индукциялық  каротажды  жүргізу  үшін  бірнеше  арнайы  аспаптар  пайдаланылады.

Олар  бip-бірінен  зондтар  құрылысымен, сұлбалар  ерекшеліктерімен  жəне  басқа  да

параметрлері  ерекшеленеді. Жалпы  алғанда, ИК  аппараты  бір-бірімен  кабелмен

жалғасқан ұңғымалық аспаппен жер бетінде орналасқан басқару жүйесінен тұрады.

ИК  əдіci төменгі  жəне  орташа  кедергілі  геологиялық  қималарды  зерттеуде

сапалы  нəтижелер  береді. Ал, жоғары  кедергілі  жыныстарда  жəне  ұңғыма  жуатын

ерітінді  тұзды болған  жағдайда  ИК  əдісінің  нəтижелері  көңіл  толарлықтай дəрежеде

болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет