Narxoz Student Research-2021
3238,67, балық өнеркəсібі 26,9 мың текше метр тұтынады. Көл дең-
гейі 2010 жылғы мамырда 341,87 метрді құрады.
Соңғы онжылдықтарда Балқаш аймағындағы экологиялық
ахуал айтарлықтай нашарлай бастады. Қарқынды экономика-
лық қызметтің басталуымен ластану көлемі ұлғайды, экожүй-
енің табиғи режимі, соның ішінде көлдің гидрологиялық режимі
бұзылды.
Көлдің негізгі ластаушылары ауыр металдар, мұнай өнімдері
жəне фенолдар. Жыл ішінде мыс құрамы шекті рұқсат етілген
концентрациядан (ШРК) асып, 13% жағдайда ластанудың жоғары
деңгейіне жетеді. Бір жыл ішінде мырыш үшін шекті рұқсат етіл-
ген концентрацияның асуы 48%, мұнай өнімдері 62%, фенолдар
20% құрады («Балқаш 2005», 2005).
Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең үлкен экологиялық про-
блемалардың бірі - Арал теңізінің құрғауы. Арал проблемасының
пайда болуының алдында екі ауқымды экономикалық мəселелерді
шешу үшін Арал теңізіне құятын өзендер ағыны реттелді. Бірінші
мəселе маңызды гидроэнергетикалық қуаттылықты құру болды.
Екіншісі - Орта Азия мемлекеттерінде суармалы жерлердің ау-
мағының күрт өсуі («Рациональное и эффективное использование
водных ресурсов Центральной Азии», 2007).
Бүгінгі таңда Арал теңізінің беткі жағы жартысынан көбіне
азайды, су деңгейі 19 метрге төмендеді (53 м-ден абсолюттік 35,8
м-ге дейін). Су қоймасы екі су айдынына бөлінді - Үлкен жəне
Кіші теңіздері, сəйкесінше Амудария мен Сырдария өзендерінің
қалдықтарымен қоректенді. Теңіз жағалаудан 100-150 шақырымға
шегініп, бұрынғы теңіз түбінің 33 мың шаршы шақырымнан астам
бөлігін артқа тастады, оның ішінен жылына 75 миллион текше
метрден астам тұз бен улы шаң үрленіп, Арал теңізінен тысқары
жерлерге тасымалданады. Сарапшылардың бағалауы бойынша,
акваториядан 100 км радиуста шаң-тұзды аэрозольдің жалпы ағы-
ны 1,3-1,5 т/га-дан 2,0-2,3 т/га-ға дейін жетеді. 100-ден 300 км-ге
дейінгі аймақта шаң-тұзды аэрозольдің түсу массасы 0,5-0,6 т/га-
дан 1,0 т/га-ға дейін жетеді.
Нəтижесінде аймақтағы экологиялық ахуал күрт нашарлады,
шөлейттену, Арал маңы экожүйелерінің өзгеруі, тау ағындары,
егіншілік аймағының су-тұз режимі, аймақтық жəне жаһандық
климат.
127
Достарыңызбен бөлісу: |