2. Жағалаудан тазартылмаған коммуналдық, өндірістік
жəне ауылшаруашылық суларын шығару.
Каспий теңізінің жағасында 200 ірі қала жəне 220-дан астам өн-
дірістік қалдықтар көзі шоғырланған. Жылына шамамен 39 км3
ағынды сулар шығарылады, оның 8 км3-інде 1000-нан астам хими-
ялық қосылыстар, соның ішінде улы қосылыстар бар.
Қалалар мен қалалық типтегі елді мекендер Каспийдің жағалау
суларының күйіне айтарлықтай əсер етеді. Тəулігіне 300 миллион
м3 тазартылмаған ағынды сулар жəне 100 мың м3-ден астам улы
заттар Каспий теңізінің Оңтүстік-Батыс өнеркəсіптік бөлігі мемле-
кеттерінің аумағынан шығарылады.
Қазақстан Республикасының аумағынан жыл сайын теңізге
ауыл шаруашылығында қолданылатын əр түрлі химиялық тыңай-
тқыштар (антропогендік тектегі фосфордың 80% дейін) түседі.
Олардың ішінде пестицидтер, мысалы, гексахлорциклогексан
жəне басқа теңіз биологиялық ресурстарына қауіпті тұрақты орга-
никалық ластағыштар бар.
129
Достарыңызбен бөлісу: |