Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет322/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Секция

 «

Социология

 

и

 

политология

»

тұрғын үй салу үшін жер учаскелері беріледі. Жер учаскелерін са-

тып алу шарттары ҚР заңнамасында көрсетілген. 3. Мемлекеттік 

қызметшілер жəне олармен бірге тұратын отбасы мүшелері меди-

циналық қызметтерді тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау меке-

мелері белгілеген тəртіппен пайдаланады.

ҚР Президенті Қ.-Ж.Тоқаев өзінің 2020ж. 1 қыркүйектегі жол-

дауында  жаңа  модельді  мемлекеттік  сектордадығы  басқару  жай-

лы атап өтті. Мемлекеттік қызметшілер санын 2020-2021жж. ара-

лығында 25% қысқарту міндетін алғы мақсат етіп, цифрландыру-

дағы алға жылжу нəтижелері мен көптеген қызметтердің цифрлық 

үлгіге  ауысуына  байланысты  қызметі  автоматтандырылған  қыз-

меткерлер санын азайтуға шешім қабылдады. Қалған қызметкер-

лер  қысқартылғандар  есебінен  жалақысы  артады.  Наразылықтар 

мен  жемқорлыққа  қарсы  күрес  үшін  2021ж.  1  шілдеден    бастап 

факторлы-балдық өлшем енгізу керектігін айқындады. Бұл мемле-

кеттік қызметкерлердің жауапкершілігін жəне уəждемесін күшей-

туге  əкеледі  деген  сенімде,  себебі  бұл  факторлы-балдық  өлшем 

пилотты жоба ретінде 2018ж. бастап мемлекетіміздің бірқатар қа-

лаларында сəтті жүзеге асуда [1].

Елдегі биліктің құзыретті деңгейі мемлекеттік шенеуніктердің 

сапасына  байланысты.  Қазақстанда  2020  жылы  шенеуніктерді 

оңтайландыру  процесі  басталды  жəне  қызметкерлерді  жалдауға 

мораторий  жарияланды.  Сондай-ақ  2021  жылдың  1  қаңтарынан 

бастап  мемлекеттік  қызметшілерге  ротация  жүйесін  жəне  жоба-

ларды басқару құралдарын енгізу маңызды ереже болып табыла-

ды  [2].  Қазіргі  таңда  мемлекеттік  қызметшілердің  еңбегін  ынта-

ландырудың тиімді тетігі пилотты режимде жүргізіліп басталуда, 

сондықтан,  экономикалық  дамыған  мемлекеттердің  тəжірибесін 

қарастыру орынды. Бұл Қазақстанда  жəне бірқатар шет елдерін-

дегі  мемлекеттік  қызметшілердің  еңбегін  ынталандыру  жүйесін 

салыстырмалы талдауға арналған зерттеудің өзектілігін анықтай-

ды. Мақалада шет елдердегі мемлекеттік қызметшілердің еңбегін 

ынталандыру жəне уəждемелеу жүйесі, дəлірек айтқанда қызмет-

керлердің  атқарған  қызметтеріне  жалақы  тағайындау  жүйесі  са-

лыстырылады,  себебі  жалақы  мемлекеттік  қызметкерлердің  қыз-

метінің  маңыздылығын анықтаушы бір критерий  болып табыла-

ды. Дамыған елдерді таңдау олардың ынталандыру жəне еңбекке 

ынталандыру  жүйелерін  ұйымдастырудың  кең  спектрін  ұсына-

тындығымен түсіндіріледі. 




360



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   318   319   320   321   322   323   324   325   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет