Narxoz Student Research-2021
төлену деңгейі əлдеқайда төмен, ал қосымша əлеуметтік кепіл-
діктер олардың қызметінің күрделілігі мен маңыздылығын то-
лығымен қамтымайды [10].
Мемлекеттік секторда жұмыс істеу көбінесе өз-өзін дамыту
жəне қоғамдық істерді алға жылжытудан гөрі негізгі қажеттілік-
терге ие болу жəне қанағаттандыру дегенді білдіретін жағдайға ие
болса, қоғамға қызмет ету уəждемесі жұмыспен қамту, зейнетақы
жүйелері сияқты сыртқы ынталандырылуларға байланысты өл-
шемдермен толықтырылуы керек. Мемлекеттік қызметкерлердің
ішкі ынталануын жақсартатын ұйымдық құрылым, жұмысқа қа-
нағаттану, адамның ұйымдастырушылық үйлесімділігі жəне
қоғамдастыққа тиесілі болу сияқты механизмдерді жетілдіру қа-
жет.
Қызметкерлердің атқаратын жұмысына қанағаттануына ерек-
ше əсер ететін факторлар: жалақы мөлшері, басқару тəсілдері,
ұйымдастырушылық саясат, басқа органдармен қарым-қатынас,
əріптестермен қарым-қатынас, лауазым атағы, жұмыс қауіпсізді-
гі жəне айыппұлдар мен сыйақылардың нақты жүйесінің болуы.
Қызметкерлердің ынтасын арттыру үшін, операциялық бөлімше-
лердің басшылары ынталандыру мəселелері мен теорияларды зер-
делеуді жалғастыруы жəне ұйымды басқаруды оқытудың бойлық
жəне көлденең сызықтары бағытында оқыту кезінде оларға ба-
рынша назар аударуы қажет. Екіншіден, олар өз қызметкерлеріне
орындалмайтын уəде бермеуі керек. Басшы мен бағыныштылар
арасындағы қарым-қатынасты талдап, оларға кері байланыс беру
үшін қызметкерлердің іс-əрекеттерін дəл бағалауы керек. Ақы-
рында, оларға жалақы төлеу мен төлеудің нақты жүйесін əзірлеу
жəне қолдану ынталандыру жүйесінін жетілдіреді.
Қорытынды
. Қортындылай келе, мемлекеттік қызметші ең-
бегін бағалау жəне жеткен жетісітігіне орай сыйақы, марапаттау
тағайындау – мемлекеттік қызметтің тартымды қызметтер қата-
рына еніп, кадрлардың қызметте қалып, өсуіне жағдай жасайды.
Тəуелсіздік алғаннан бастап қазіргі таңға дейін мемлекеттік қыз-
мет дамып, заңға жаңа енгізулер енгізу арқылы аз жылдар ішінде
кадр саясаты көптеген жетістіктерге жеткенімен, қаржылай ынта-
ландыру жүйесі жəне жалақы мөлшерінің аздығы жаңа қызмет-
шілердің мемлекеттік сектордан жекеменшік секторға ауысуына
мəжбүр ететін. 2020 жылдан бастап факторлы-баллдық өлшем ен-
367
Достарыңызбен бөлісу: |