Narxoz Student Research-2021
ынталандыру екі бағыт негізінде іске асады: бұл жəрдемақылар, ал
екіншіден, бұл өндірістік емес сыйлықақылар. Төлемдерге көлікті
қолдану ақысы, отбасы, аймақтық жəрдемақылар жатады. Шару-
ашылық жүргізу, ерекше еңбек жағдайлары үшін жəрдемақылар
жəне т.б. өндірістік емес сыйлықақылар – бұл мемлекеттік қызмет-
шілердің кəсіби қызметінің нəтижелілігі негізінде қалыптасатын
сыйақылар болып табылады. Жылына бір рет барлық деңгейдегі
мемлекеттік қызметкерлердің жалақы деңгейіне талдау жасалып,
оны экономиканың жеке секторындағы жалақы деңгейімен салы-
стырылады. Осы деректердің негізінде барлық деңгейдегі мемле-
кеттік қызметшілердің айлық ақыларын қанша пайызға ұлғайту
қажеттігі туралы шешім қабылданады.
Германияда
мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ынталан-
дырудың этикалық принциптерін жəне отбасылық үстемеақылар
берілуі де қолданылады. Іс жүзінде қызметкерлерді үшін екі өл-
шем қолданылады. А өлшемі бірыңғай шкалаға енгізілген жоғары
лауазымдар мен лауазымдардан басқа барлық мемлекеттік қыз-
меткерлер мен əскери қызметкерлер үшін ынталандыру төлемдері
кіреді. Бұл тəсілдің келесі артықшылықтары бар: сыйақыларда үл-
кен айырмашылық жоқ жекелеген санаттағы мемлекеттік қызмет-
шілердің мемлекеттік қызметшілердің бір саладан екінші салаға
ауысу мүмкіндігі əлдеқайда аз; жеке секторға жұмысқа көшу мем-
лекеттік қызметкерлер үшін онша тартымды емес [9].
Германияда өз-өзін кəсіби түрде жоғарылату уəждемесі бола-
шақ мамандарды оқыту кезеңінде орын алады. Мемлекеттік қы-
зметшілерді даярлау бағдарламаларында белгілі бір білім беруге
тиісті дəрежедегі қызметкерлердің белгілі бір ойлау тəсілі мен мі-
нез-құлқын қалыптастыруға, мамандықтың беделіне, тиімділігіне
баса назар аударылады. Сондықтан оқу кезеңінде нақты тəжіри-
бені үйренуге айтарлықтай уақыт жұмсалады. Оқытуда оқытудың
белсенді əдістері қолданылады.
Шет елдерде білім алу кезінде экономикалық жəне құқықтық
пəндерге, геосаяси тұрғыдағы қазіргі элеуметтік-экономикалық,
саяси жағдайды талдауға, оқу үрдісіндегі тəжірибеге бағдарлануға
үлкен көңіл бөлінеді
Ұлыбританияда
мемлекеттік қызметкерлерді уəждемелеу
жүйесінің орталықтандырылмағандығымен ерекшеленеді. Ұлы-
британияда мемлекеттік мекеменің басшысы кадр саясатына қа-
365
Достарыңызбен бөлісу: |