Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет323/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

Əдебиетке  шолу. 

Мемлекеттік  құрылымдар  қызметінің  ерек-

шелігі  өндірілетін  өнімнің    жəне  көрсетілетін  қызметтің  сапасы 

үшін  жоғары  жауапкершілік  дəрежесімен,  сондай-ақ  еңбекті  ұй-

ымдастырудың  баяу  қимылдайтын  үдерістерімен  жəне  қызмет-

шілердің  жеткілікті  икемді  материалдық  мүдделілігімен  сипат-

талады.  Ынталандыру  жүйесін  дамытуға  жəне  қалыптастыруға 

дұрыс  көзқараспен  мемлекеттік  қызметкерлердің,  оның  арасын-

да  жобалық  қызметке  қатысушы  мемлекеттік  қызметшілердің 

өнімділік  деңгейін  арттыруға  жəне  қажетті  түрде  қайта  конфи-

гурациялауға  келеді.  Бұл  мемлекеттік  органдардың  жұмыс  жа-

сау  тиімділігін,  мемлекеттік  аппараттың  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы тұрақтылығын арттыруға əкеледі [3]. Қоғамға қызмет ету-

ге ынталандыру тұжырымдамасы мемлекеттік сектор қызметкер-

лерінің өз қызметінде қоғамдық мүдделерге қызмет ету қағидат-

тарын басшылыққа алады деп болжайды. Қоғамға қызмет етудің 

ең  көп  таралған  анықтамасы  –  адамның  қоғамдық  институттар-

дың  немесе  ұйымдардың  мақсаттарына  сəйкес  келетін  мотив-

терге  қол  жеткізуге  бейімділігі.  Қазіргі  мемлекеттік  аппараттың 

тиімді  етуінің  маңызды  резерві  –  бұл    жерде  нақты  тиімділікті 

əрдайым  қаржылық  көрсеткіштермен  өлшеуге  болмайтындығын 

ескере  отырып,  атқарған  жұмысының  нəтижелігін    бағалауға 

KPI ұтымды анықтау жəне қолдану арқылы мемлекеттік қызмет-

шілерді  қосымша  ынталандыру  [4].  Мемлекеттік  қызметтің  қыз-

меті  қазақстандық  мемлекеттік  органдардың  қызметін  бағалау 

талаптарына  негізделгені  атап  өтілген.  Оларға  мыналар  жатады: 

соңғы  нəтижелерге  қол  жеткізу  дəрежесі;  стратегиялық  міндет-

тер  мен  мақсаттарды  орындау;  бүкіл  Қазақстан  халқы  үшін  ер-

кін  қол  жетімділікте  орналастырылған  ақпараттың  толықтығы 

жəне т.б. [5].

Мемлекеттік  қызметтегі  қызметшілердің  уəждемелеу  жүйесін 

дамыту  мақсатында  шетелдік  тəжірибе  мен  қолданылатын  əді-

стерін  қарастыру  –  жаңа  құрал  мен  ұсыныстар  жүйесін  құруға 

мүмкіндік  береді.    Ол  осы  мəселелерді  зерттеуге  арналған  түрлі 

əдістемелік тəсілдерден жəне мемлекеттік қызметшілердің кəсіби 

қызметін ынталандыруға бағытталған нақты іс-шаралар ұсыныста-

рынан  тұрады.  Бұл  мəселе  бойынша  мемлекеттік  қызметшілерді 

материалдық  жəне  материалдық  емес  ынталандыруды  ұйымда-

стырудың  шетелдік  тəжірибесін,  оның  ішінде  осы  мəселелерді 



361



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   319   320   321   322   323   324   325   326   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет