Narxoz Student Research-2021
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерге сүйенсек, Қазақстан-
ның қазіргі кездегі экологиялық көрсеткіші қуантарлықтай емес.
2014 жылы Қазақстан əлем елдері ішінде тиімділік индексі бой-
ынша 84 орынға ие болса, 2016 жылы ол көрсеткіш жоғарылап,
69 орынға иелік еткен болатын. Осы екі жыл аралығында біраз
жағымды өзгеріс орын алды. Ал 2018 жылғы көрсеткішке кел-
сек Қазақстан əлем елдері арасынан алпыс тоғызыншы орыннан
101 орынға төмендеп қалған. Бұл екі жыл арасында орын алған
жағымсыз өзгеріс. Өкініштісі, тиімділік индексінің қазіргі уақыт-
тағы, яғни, 2020 жылдағы төмендігі. Бұл жағымсыз өзгеріс 2014
жылғы көрсеткіштен де төмен көрсеткішке ие болып отыр. Көр-
сеткіштің бұлай төмендеп кетуіне не себеп?! Ол тұрғындардың
жеткілікті түрде экологиялық сауатты болмауынан. Оған дəлел
ретінде, өз таныстарым арасынан кішігірім сауалнама жүргізген
болатынмын. Сауалнама жалпы экологиялық сауаттылық түсіні-
гін жасөспірімдер қалай қабылдайтындығын бақылау мақсатында
құралған. Сауалнамаға 40 респондент жауап берді. Жүргізілген
сауалнамада қарастырылған ең маңызды сұрақтарға тоқтала өт-
сем. Жауап берушілердің қоршаған ортаға деген көзқарасын білу
мақсатында «Қоршаған ортаның бұзылуына басты себеп не деп
ойлайсыз?» - деген сұрақ қойылған болатын.
Сурет
-3.
Респондеттердің
қоршаған
ортаның
бұзылуына
деген
көзқарасы
Бұл сұраққа жауап берушілердің басым көпшілігі мемлекетті,
билік басындағыларды тиісті іс-шара қолданбайтындығы үшін
кінəлəйтындығы анықталды. Сауалнамаға қатысушылардың тек
34,8%-ы ғана қоршаған ортаның бұзылуы экологиялық сауат-
|