Narxoz Student Research-2021
неге дағдыланса, өскенде де сол ісін жалғастыратын болады. Со-
нымен қатар, қазіргі таңдағы қоршаған ортаның мүшкіл жағдайы,
экологиялық мəселелер көгілдір экрандардан, радиолардан, БАҚ-
тан көбірек көрінуі қажет. Бұлай ойлауымның себебі, тұрғындар
қоршаған ортаның бүгінгі жағдайын көріп, естіп, оқу арқылы жа-
нашырлығы оянып, олардың экологияға деген басқа көзқараста-
ры пайда болуы мүмкін. Тағы да бір ұсыныс, балабашқа, мектеп
қабырғаларында, жоғары оқу орындарында экологияны қорғау
жайлы міндетті сабақтар енгізілсе деймін. Сабақтар арқылы «эко-
логиялық сауаттылық», «экология сана» терминдері, экологиялық
мəселелердің алдын алу, солармен күресу шаралары, экологиялық
мəселенің пайда болуына мүмкіндік бермеу іс – шаралары түсін-
діріліп, адамдардың қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін артты-
руға болады деген ойдамын. Елімізде осы іс-шаралар орындалса,
экологиялық сауаттылығымыз біраз дəрежеге көтеріліп, экологи-
ялық тазалық көрсеткішіміз кішкене болса да жоғарылайтын еді.
Мемлекеттің экологиялық тазалық көрсеткіші – халықтарының
экологиялық сауаттылығының айнасы. Ал экологиялық сауат-
тылық – тұрақты даму кепілі.
Достарыңызбен бөлісу: |