Narxoz Student Research-2021
Тағы да Қытайда ораналасқан өзендерінің бірі Іле өзені. Осы
Қытайдағы Іле өзенінің бассайінде 130-дай гидроқұрылыс жəне
13 су қоймасы орналасқан. Бұл нысандар тек егіншілік алқаптар-
ды ұлғайтуға қана емес өнеркəсіп салу үшінде қолданады. Соның
салдарынан тек Іле өзені емес Балқаш көлі де таязданады. Себебі
Балқашқа Іле өзенінің 80% ағыны құяды. Көбісі қорқады Балқаш
көлі Арал теңізіне ұқсас тартылуы мүмкін деп. Соңғы мəлімет-
тер бойынша Балқаш көлі 2 мың шаршы шақырымқа қысқарған.
Балқаш көлі жоғалып кетпеуіне себеп болып тұрған бұл Тянь-
Шань мұздықтарының ереуі.
Балқаштың тартылуы жəне Қытайда орналасқан Тянь-Шань
мұздықтарының азаюы түбіндегі тұздың бүкіл аймаққа таралады
да мұздықтардың еруіне алып соғады. Оның нəтижесінде тау өзен-
деріне де су аз құйылады. Осылайша Ертіс пен Іленің бастаула-
ры Қытай тапшы суды басқарушы болып келеді. Тағы айта кетері
Тянь-Шань мұздықтарының еруі сел ағындары пайда болады бұл
дегеніміз тек Қытайға ғане емес, Қазақстан жəне Қырғызтанға да
қауіп төндіреді. Сонымен бірге Қытайдың солтүстік-батысында
өндірістің дамуы Балқаш көлінің химиялық заттармен жəне тыңай-
тқыштармен ластануына алып келіп отыр. Қазақстан трансше-
каралық өзендерінің мəселелері бойынша бірнеше рет үш жақты
келіссөздер жүргізуді талап еткенмен Қытай бас тартты. Қазір-
ге кезге дейін Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық
өзендерінің су ресурсатары бөлу туралы нормативтік-құқықтық
база жоқ. Бірақ Қазақстан мен Қытай арасында трансшекаралық
өзендерді қорғау жəне пайдалану туралы маңызды рөл атқармай-
тын келеісім бар. Соңғы мəліметтер бойынша Желтоқсан айының
ортасында Қазақстан мен Қытай «трансшекаралық өзендерде су
бөлу туралы келісім жобасының тек 30%-ын» ғана келіскені тура-
лы ақпарат шықты. Қазақстан тарапынан көрсетілген құжатта Зай-
сан, Балқаш, Ертіс жəне Іле экожүйлерінің қажеттіліктерін есепке
алу жөніндегі ережелер айтылды.
Алдыңғы жылдың жаз мезгілінде Жайық өзені таяз болды. Сол
жылы осы трансшекаралық өзеннің төменгі ағысында рекордтық
төмен су деңгейі тіркелді. Деректер бойынша 2018 жылы ол 5,2
млрд текше метрге қысқарды ал 2019 жылы 3 млрд текше метр
су болды көріп тұрғаныңыздай су мөлшері азайып жатыр. Жайық
Қазақстан мен Ресей үшін тұщы судың негізгі көзі болып санала-
|