Narxoz Student Research-2021
1-ші орынды Түркіменстан алады ол жерде жан басына шаққан-
да5,5мың текше метр суды пайдаланады бұл көрсеткш Қытайдың
көрсеткішінен 13 есе көп болып келеді.
Қазақстан мен Қырғызстан арасында Шу жəне Талас өзен-
дерінің бассейндерінде су ресурстарын бөлудің құқықтық негізі:
- «Шу өзені бассейніндегі ағынды бөлу туралы ереже» - 1983
ж. ақпан;
- «Талас өзені бассейніндегі ағынды бөлу туралы ереже» - 1983
ж.қаңтар (КСРО су министрлігі бекіткен). Қазақстан Республика-
сының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасын-
дағы Қазақстан Республикасының Шу жəне Талас өзендеріндегі
мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы құрылыстары
(2000 жылғы қаңтар) (Қазақстан Республикасы жəне Қырғыз Ре-
спубликасы: Шу жəне Талас трансшекаралық өзендерінің су ре-
сурстарын пайдалану тəжірибесі, n.d.).
Қазақстан мен Қырғызстан 2000 жылы Шу мен Талас өзендерін
пайдалану туралы келісімшартқа отырды. Бұл келісімшартта өзен-
дер теңдей бөлінген жəне де Қырғыз жеріндегі екі өзенді реттеп
отыратын канал,қойма, жөндеу жұмыстарынының көп шығынын
Қазақстан төлейді деп келіскен бірақта соңғы кездері Қырғыз елі
осы шараға бөлінетін 70 млн теңгені аз көріп жүр. Талас туралы
айтып кететін болсақ Таластың 80% суы Қырғыз жерінде бастау
алады да, Қазақстанда Жамбыл облысымен өтеді.Ал осы облы-
стың су қажеттілігі жылына 3 млрд текше метр су. Министрдің
айту бойынша Талас жəне Шу өзендері бойынша Қырғыз елімен
қақтығыс жоқ. Екі жақты алаңдататын мəселе басқа бұл болжам
бойынша 21- ғасырдың ортасына қарай Шу өзенінің суы 25%-ға ал
Талас өзенінің суы 40%-ға азаюы мүмкін. Бұған себеп өзендердің
бастауындағы мұздықтардың еруі.
Қортылындайтын болсақ: ҚР трансшекаралық өзендер мəсе-
лесі өте маңызды. Көршілес елдермен жақсы қарым-қатынаста
болу екі жаққа да тиімді келісімшартқа отыру маңызды болып
табылады. Трансшекаралық өзендерде ең маңызды мəселе бұл су
қорларының дұрыс пайдалану яғни таза ұстау, тиімді пайдалану
жəне жасанды өзгертпеу деп ойлаймыз. Бұл мəселе тек бір елдің
ғана емес барлығына байланысты. Сол себептен қазірден бастап
тұрақты даму стратегиясын қолға алу керек деген ойдамыз.
|