Сборник II научно-практической международной студенческой конференции Narxoz Student Research-2021



Pdf көрінісі
бет46/514
Дата22.01.2022
өлшемі3,66 Mb.
#129635
түріСборник
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   514
Байланысты:
narxoz-student-research-2021

Narxoz Student Research-2021

Алакөл  ойысы  оңтүстік-шығыс  солтүстік-батыс  бағытта  130 

км  -  ге  созылып  жатыр,  ені  80  км.солтүстіктен  Сауыр-Тарбаға-

тай  жоталарымен  шектеледі.  Оңтүстігінде  ойпат  Жоңғар  Ала-

тауының  озық  жоталарымен  шектелген.  Солтүстік-батысында 

Балқаш  ойпатымен  қосылып,  қазақтың  ұсақ  шоқыларына  ұласа-

ды. Оңтүстік-шығыста Сауыр мен Алатау сілемдерінің арасында 

рельефте  айтарлықтай  төмендеу  -  Жоңғар  өткелі  бар.  Ойпаттың 

неғұрлым төмен (347-350 М) орталық бөлігінде Алакөл тобы деп 

аталатын  көлдер  жүйесі  орналасқан:  олар  Алакөл,  Қошқаркөл, 

Жалаңашкөл,  ұялы,  Сасықкөл.  Жоталардың  етегіне  қарай  ойпат 

бетінің абсолюттік биіктігі 700 - 800 м-ге дейін ұлғаяды. Қазір көл-

дің  айнасы  387  М  абсолютті  белгіде  орналасқан,  барлық  көлдер 

ағынсыз жəне бір-бірімен байланыспайды, сондықтан суы литріне 

3-тен 9 граммға дейін жетеді (NewsBox, 2018).

Алакөл көлінің жағасының бұзылуына мүмкін болатын себеп-

тер:

Басты  себептерінің  бірі-солтүстік-батыс  румбтардың  желдері 



болып  келеді.  Жел  белсенділігінің  күрделілігін  аймақ  рельфінің 

ерекшелігінің  сипаты  анықтайды.  Желдің  бағыты  əр  қандай, 

оныңбағыты бір күнде бірнеше рет өзгеріп отыруы мүмкін.Беріл-

ген  жерлердің  жазық  бөлігінде  ең  күшті  желдер  ебі  мен  қыбыла 

болады.  Желдің  орташа  көпжылдық  жылдамдығы  1,6  м/сек-тен 

5,9  м/сек-ке  дейін  өзгереді.  Бақылаудың  жекелеген  кезеңдерінде 

ең  жоғары  жылдамдықтар  қыста  28  м/сек  дейін,  жазда  20  м/сек 

дейін (Семей Ертіс өңірі) байқалды.Жел толқудан басқа, толқын-

дардың күшті көтерілуін тудырады. Жел режимінің ерекше сипа-

ты көлдің су айдынындағы толқудың түрлі-түсті көрінісін туды-

рады. Толқынның ең жоғары биіктігі (2 -2,5 м) шығыс бағыттағы 

желдерде байқалады. Үздіксіз толқудың ұзақтығы (толқындардың 

биіктігі 1,25 - 2,5 м) кейбір жылдары 4-ке жетеді. Жағалаудың бел-

сенді қирауы соңғы 50 жылда байқалып отыр, ал Алакөл ойпаты 

пайда болған сəттен бастап мұнда жел соғады (Трифонова, 1965).

Алакөл көлінің қиын жағдайы екі ғасыр бұрын басталған десек 

болады. Алакөл көлінің қатты толқындары таспен қапталған жаға-

жайларды жауып, жағалауды қирата бастады. Жағалаудыңбойын-

дағы  бүкіл  су  асты  жағажайы  жылжып,  сулар  оңтүстік-шығысқа 

қарай жылжуды жалғастырып отырды. Су жағасында жағажайлар-

дың болмауы , ақырындап қиын жағдайларды туындата бастады. 



57



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   514




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет