Narxoz Student Research-2021
рек. Жағажай төсеуге арналған Бут тасты Тарбағатай мен Жоңғар
Алатауының сілемдерінен алуға болады. Бұл солтүстік-шығыс,
шығыс озе жағалау аймағын сақтаудың ең сенімді жəне арзан əдісі.
Тағы бір Алакөл көлінің экологиялық проблемасыжабайы
құстардың өлуі.
2020 жылдың 20 шілдесінде «Қазгидромет» РМК Шығыс Қа-
зақстан облысы бойынша филиалының мамандарымен Алакөл
көлінің су сынамалары алынып, 41 ингредиент бойынша химия-
лық талдау жүргізгендігін хабарлады.Балық шаруашылығынан
басқа, су пайдаланудың барлық санаттары үшін қолданылатын
су объектілеріндегі Су сапасын жіктеудің бірыңғай жүйесіне
сəйкес, келесідей заттар: магний, хлоридтер, минералдану бой-
ынша асып кету тіркелді.Магний концентрациясы – 316 мг/дм3,
хлоридтер – 748 мг/дм3, минералдану – 4946 мг/дм3. Хлоридтер
мен минералданудың нақты концентрациясы фондық кластан
аспайды, ал магний фондық кластан асқан.Алакөл көлі бойын-
ша су температурасы 27-28,6 ºC деңгейінде болды, сутегі көр-
сеткіші 8,29-8,97, суда ерітілген оттегінің концентрациясы 7,55-
7,67 мг/дм3, түсі 9-17 градус, иісі – 0 балл (
Forbes Kazakhstan
,
2020).
Далалық зерттеулер барысында жерүсті сулары сапасының
жай-күйіне бақылау жүргізілді.Зерттеу Алакөл-Сасықкөл су ай-
дындарындағы негізгі гидрохимиялық су айдындарының ги-
дрохимиялық режимінің қазіргі жай-күйін зерттеу мақсатында
жəне сондай-ақ оған табиғи жəне антропогендік факторлардың
əсерін бағалау негізінде жүргізілді. Су сынамалары бекітілген
бағдарламаға сəйкес 11 бақылау нүктесінде алынды. Су сына-
маларының барлық талдаулары далалық, сондай-ақ зертханалық
жағдайда жалпы қабылданған гидрохимиялық əдістер бойын-
ша жүргізілді. Жүргізілген зерттеулер нəтижесінде жазғы-күз-
гі су айдындарының гидрохимиялық режимі белгіленіп иондық
құрамы, минералдануы, су классы, оның сұйықтығы, биогендік
концентрациясы мен əр кезең элементтері мен əртүрлі токси-
канттар анықталған.Алакөл-Сасықкөл жүйесінің көлдерінде-
гі су химиялық құрамы бойынша зерттеулер нəтижесі əр түрлі
гидробионттар тіршілік етуі үшін қолайды болды. Алайда, бұл
көл жүйесіне табиғи жəне антропогендік факторлар əсер етуі
мүмкін.
|