47
Секция
«
Экология
и
устойчивое
развитие
»
Сардарбек
С
.
Е
.,
Түменбаев
И
.
Ə
.
4
курс
студенттері
«
Қоғам
,
технологиялар
жəне
экология
мектебі
»,
мамандығы
«
Экология
»
КЕАҚ
«
Нархоз
Университеті
»,
Алматы
,
Қазақстан
Ғылыми
жетекшісі
:
э
.
ғ
.
к
.,
доцент
Салимбаева
Р
.
А
.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ ӨЗЕНДЕРІ
Аңдатпа
Қазақстан үшін трансшекаралық өзендердің маңызы өте зор.Біз
осы мақалада Қазақстанның трансшекаралық өзендердің жағдай-
ын,шектес мемлекеттермен ара қатынасын жəнеде ортадағы мəсе-
ле жайлы
түсіндіре кеттік.
Аннотация
Трансграничные реки имеют большое значение для Казахста-
на.В данной статье мы подробно объяснили состояние трансгра-
ничных рек Казахстана,взаимоотношения с сопредельными госу-
дарствами и проблемы окружающей среды.
Abstract
Transboundary rivers are of great importance for Kazakhstan.In this
article,we explained the state of transboundary rivers of Kazakhstan, its
relations with neighboring states and the problem of its environment.
Қазақстан үшін трансшекаралық өзендердің су ресурстарын
пайдалану айтарлықтай маңызды тақырып. Сарапшылардың пай-
ымдауы бойынша, Қазақстан су ресурстарының кемшілігін айтар-
лықтай дəрежеде сезініп отырған Еуразияның бір елі болып та-
былады. Республиканың жер үсті суларының жартысына жуығы
(44,9 текше км.) шектесіп жатқан мемлекеттер аумағынан келіп
құйылады. Соңғы 15 жылда Қазақстанның жер үсті суларының
табиғи ресурстарының қысқару деңгейі байқалады. Бұл кезекте
жылдық ағын суды қысқартудың жалпы көлемінің 90% - ға жуығы
шектес мемлекеттердің ағынын қысқартуды құрайды. Осы тұрғы-
да Қазақстан жəне Қытайдың су арақатынастарын реттеу мəселесі
екі ел үшін де стратегиялық мақсатқа ие болып отыр.
48
Narxoz Student Research-2021
«Біздің мемлекеттің қауіпсіздігіне байланысты шын мəнінде-
гі стратегиялық міндетті шешуде тұрғындарды сумен жабдықтау
ерекше орын алады, себебі халық денсаулығы тұтынатын судың
сапасына байланысты. Осыған байланысты, тұрғындарды ауыз
сумен сапалы қамтамасыз ету мəселелерін шешу барлығы үшін
маңызды жəне алдыңғы қатарлы міндеттердің бірі болып қалуда»
(Ұлы Даланың басты байлығы немесе трансшекаралық өзендер
мен ішкі су ресурстарының жағдайы, n.d.). Жайық өзенінің гидро-
логиялық жағдайын зерттеу кезінде Қазақстан мен Ресей арасында
бірлескен мамандар тобын құратынын хабарлады. Осыған орай біз
еліміздің трансшекаралық өзендердің су ресурстарын толығымен
пайдалану мəселесін қарастыруды дұрыс деп шештік.
Қазақстан мен Қытай арасындағы трансшекаралық өзендер
мəселесі бойынша келіссөздерді зерттей келе екі жақ келіссөздер
үрдісі үш кезеңге бөліп қарастырылды: Бірінші кезең 1998-2003
жж.; Екінші кезең 2003-2009 жж.; үшінші кезең 2009- 2018 жж.
(Халабузарь, 2019) (Иембекова, n.d.). Жалпы, Қытай мен Қазақстан
үшін трансшекаралық өзендердің су ресурстарын пайдалану жаңа
проблема болып табылмайды. Негізінен ол никлада 70-80 жылдар-
да-Кеңес Одағы кезінде. Сол кезеңде ҚХР-мен трансшекаралық
өзендерді бірге пайдалану жəне қорғау мəселесін реттейтін мем-
лекетаралық келісімді даярлау туралы келісімшартқа қол қойыл-
ды. Алайда, кейбір елдер осы мəселеге əртүрлі көзқарастарының
кесірінен мəселенің түпкілікті шешімі болған жоқ. ҚР тəуелсіздік
алған кезден бастап трансшекаралық өзендер проблемаларының
шешімін басқа мемлекеттерден басым міндеттерінің бірі ретінде
қарастырды.
Қазақстан жəне Қытай аумағы арқылы жиырма үш трансше-
каралық өзен ағып өтеді. Қазіргі уақытта су ресурстарын бірге
пайдалану екіжақты Қазақстан-Қытай қатынастарының 79 про-
блемалық сəті ҚХР аумағындағы Іле мен Ертіс трансшекаралық
өзендерінен су алуды ұлғайту проблемасы болып табылады. Бұл
проблема əсіресе 1998 жылдың күзінде ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр ав-
тономиялық ауданының билігі Үрімші маңайындағы қара мұнай
кен орны аймағында Ертіс Жоғарғы суының бір бөлігін бұруға
арналған Қара Ертіс - Қарамай каналының құрылысын бастаған
кезде шиеленісе бастады. Қытай тарапының айтуынша,үнемі
жетіспеушілігі бар ауданды сумен қамтамасыз ету мақсатында