Narxoz Student Research-2021
Экологиялық проблемалардың салдары
Қолданыстағы салдар:
- Іле атырабындағы көлдер аумағының қысқаруы жəне оның
шөлейттенуі;
- Кептірілген түбінен жəне жайылмалардан қоршаған ортаға
тұзды шаңдардың шығуы;
- Балықтар,жануарлар мен өсімдіктердің кейбір түрлерінің
жоғалуы.
Егер шара қолданылмаса,болашақта болуы мүмкін қатерлер:
- климаттың өзгеруі;
- бүкіл көл жүйесінің бұзылуы;
- шаңды дауылдардың пайда болуы;
- табиғи ұлттық мұраны жоғалту;
- флора жəне фауна əлемінің көптүрлілігінен айырылуы.
1. Аймақтың əлеуметтік-экономикалық дамуын, Іле-Балқаш
бассейнінің су ресурстарын пайдалануды реттеуді мемлекет бірін-
ші кезектегі міндет ретінде қабылдап, Балқаш көлінің деңгейін 341
метрден төмен емес деңгейде ұстап тұруды қамтамасыз ету.
2. Ғылым академиясы, Мемлекеттік экономика комитеті, Мем-
лекеттік су ресурстары комитеті, Қазақстан Республикасы Эко-
логия жəне биоресурстар министрлігі республиканың басқа да
мүдделі министрліктері мен ведомстволарының негізінде,солар-
дың қатысуымен,республикалық бюджет есебінен Іле-Балқаш ай-
мағының экологиялық жағдайын жəне əлеуметтік-экономикалық
дамуын жақсарту бойынша мақсатты-кешенді бағдарлама əзірлеп
ұсыну.
3. Балқаш көлінің белгіленген деңгейін жəне су қоймасын-
дағы су алу жəне басқа құрылыстардың қалыпты жұмыс деңгейін
тұрақты басқару;
4. Кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне азаматтардың қор-
шаған ортаны қорғау заңнамасын сақтауын, Іле-Балқаш аймағы-
ның қоршаған ортаны қорғау жəне табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қатаң бақылау-
ды қамтамасыз ету бойынша қосымша шаралар қабылдау.
5. Қосымша су ресурстарын айналымға тарту.
6. Жер үсті суларының сапасын арттыру,су көздерін ластану-
дан қорғау жəне суды қорғау шараларын жиі ұйымдастыру. Ша-
руашылық жұмыстарының нəтижесінде Балқаштың су ресурста-
|