173
балықтар, саламандралар, шаянтəрізділер, көбелектер, қоңыздар
жəне қандалалар, полиплоидты қатарлар байқалады. Сүтқоректі-
лерде полиплоидияның жалғыз мысалы ретінде сары атжалман
саналады. Олардың кариотипінде 44 хромосома болса, ал кəдімгі
жəне сұр атжалман кариотипінде 22 хромосома бар.
Полиплоидияның жануарларда өсімдіктермен салыстырғанда
өте сирек кездесуінің бірнеше себептері белгілі. Біріншіден, по-
липлоидия жыныстың қалыпты дамуы үшін аутосомалар мен жы-
ныс хромосомалар арасындағы арақатынасты бұзады. Екіншіден,
жануарлардың басым көпшілігі дара жынысты болғандықтан, айқас
ұрықтану арқылы көбейеді: жалғыз мутант – полиплоид өзін-өзі
көбейте алмайды. Бұдан бөлек полиплоидты өсімдік гибридизация
кезінде хромосомалардың еселену нəтижесінде жиі пайда болады,
ал жануарларда гибридтердің əдетте тіршілік қабілеті жоқ немесе
олар тұқым бермейді.
Достарыңызбен бөлісу: