Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет101/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

АҒ-2 
(транс-2 пурин-
3,5-нитро-2 фуринакриламид) 
тағамдық консерванты 
балық 
шұжықшалары мен соядан жасалған сүтте бактериялардың өсуіне 
қарсы қолданылды. Бірақ бұл консерванттың кең мутагенділігі кейін 
белгілі болды. Сол сияқты натрий тұздары, бисульфаттар, цикломат-
тар, хош иісті көмірсулар, т.б. тағамдық қоспалар мутагенді болып 
саналады. 
Биосфераны əртүрлі мутагендермен ластаудың генетикалық 
салдарының алдын алу оңай мəселе емес. Мутагенез үрдісін тө-
мендететін заттар 
антимутагендер 
деп аталады. Антимутагендер-
ге 200-дей табиғи жəне жасанды қосылыстар жатады. Олардың 
арасында амин қышқылдары, витамин жəне провитаминдер, фер-
менттер, фармакологиялық дəрілер, антитотықтырғыштық қасиеті 
бар заттар бар. Антимутагендердің бір тобы сыртқы мутагендер-
ден ДНҚ-ны қорғай алса, екінші тобы мутагеннің түзілуін тежейді, 
мысалы, С жəне Е витаминдері жəне кейбір фенолдар шұжық 
өндіруге қосылатын натрий нитратының нитрозоаминге айналуын 
тежейді, үшінші тобы глутатион мен кейбір оксидаза ферменттері 
мутагендерді жойып жіберетін ағзаның ферменттік жүйесінің 
белсенділігін жоғарылатады. Антимутагендердің басым көпшілігі 
репарация үрдісін іске қосады. 
Бірқатар елдерде генетикалық тексеруден кең таралған химиялық 
заттармен қатар жаңадан синтезделген химиялық қосылыстар өтеді. 
Эксперименттік мутагенездің жетістіктеріне сүйенген осындай зерт-
теулер нəтижесінде генетика мен токсикологияның жаңа бағыты – 
токсикогенетика 
қалыптасты. 
Химиялық заттарды соғыс мақсаты үшін өндіру, сақтау, тасы-
малдау жəне қолдану қазіргі жəне болашақ ұрпақ алдындағы үлкен 
қылмыс болып саналады. Мұндай химиялық мутагендер ауыр 
генетикалық салдарға əкеледі.


168
Биологиялық мутагендерге
 жасушадағы зат алмасу үрдісі 
кезінде түзілетін кейбір ыдырау өнімдері мен ағзаға тағам 
арқылы келіп түсетін радиоактивті заттарды да (мысалы, сүйекте 
жинақталатын стронций, т.б.) жатқызуға болады. Вирустар, бак-
териялар, гельминттер, актиномицеттер, өсімдік экстрактары, т.б. 
жасушаға еніп, ДНҚ-ны өзгерте алады. Вирустар мен бактериялар 
жасушаға бөтен ДНҚ-ны енгізуді қамтамасыз ете алады. Вирустар -
дың мутагендік əсері, əсіресе эпидемия жəне пандемия кезінде 
күшейе түседі. Мутагендік қасиет тірі вакциналарда да байқалуы 
мүмкін. Вируленттілігі бəсеңдетілген тірі вакциналардың мута-
цияның пайда болуына əсер ететіні белгілі болды. Сондықтан мұн-
дай агенттердің ағза үшін генетикалық қауіптілігін есептеу керек. 
Енді жасанды мутагенездің 
селекциялық маңызына 
тоқталайық. 
Радиациялық жəне химиялық мутагенездің ең ірі табыстары 
микроағзалар селекциясының үлесіне тиді. Антибиотиктер, амин 
қышқылдары, витаминдер жəне басқа заттардың микробиологиялық 
өндірісі рентген, ультракүлгін сəулелерін жəне химиялық 
мутагендерді қолдануға сүйенеді. Бактерия мен саңырауқұлақтардың 
мутант штамдарының антибиотиктік белсенділігі жабайы штамдарға 
қарағанда əлдеқайда жоғары. 
Агрономия тəжірибесіне эксперименттік мутагенез негізінде 
бидайдың, мақтаның, т.б. өсімдіктердің жоғары өнімді жаңа сорт-
тары енгізілді. Өсімдіктер селекциясында жасанды мутагенез 
бастапқы материалды алу үшін жиі қолданылады. Алынған мутант-
тар өсімдіктің жаңа сортын шығару үшін немесе гибридизациялау 
үшін қолданылады. 
Эксперименттік мутагенез зиянкес жəндіктермен күресудің 
генетикалық əдісін жетілдіру үшін практикалық қолданыс табуы 
мүмкін. Мысалы, АҚШ-тың оңтүстік аймағында ет шыбынымен 
күресу үшін стерилденген аталықтарды эксперименттік мутаге-
нез арқылы құрастырудың маңызы өте зор. Мұндай шыбындардың 
жыныс жасушаларында доминантты мутация пайда болғандықтан, 
олар тіршілік қабілеттілігі жоқ ұрпақтар береді.
Иондаушы сəулелер жəне радиациялық қасиеті бар кейбір 
химиялық мутагендер жасушалық бөлінуді тежеу арқылы рак ау-
руын емдеуге қолданылады. Жасуша осы мутагендерге, əсіресе, 
бөлінер алдында өте əсерлі болады. Ісік жасуша оларды қоршаған 
қалыпты жасушаларға қарағанда əлдеқайда жиі бөлінеді, сондықтан 
зақымданған мүшелерге мутагендермен əсер беру, ең алдымен рак 
жасушаларының бөлінуін тоқтатады.


169
Мутациялық үрдісті табиғи жағдайда кенеттен пайда болатын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет