Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет105/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

177
8.2 Модификациялық өзгергіштік
Модификациялық өзгергіштіктік жануарлар мен өсімдіктерде 
қоршаған ортаның  тікелей əсерінен пайда болады. Көбіне бейім-
делушілік немесе адаптацияның маңызы бар. Модификациялық 
өзгергіштік –  тұқым қуаламайтын генотипті өзгертпейтін фено тип -
тік өзгергіштік. Ол топтық сипаттама көрсетеді. Генотиптері 
ұқсас, бірақ əртүрлі орта жағдайларында өсіп дамитын ағзалардың 
фенотиптері түрліше болып қалыптасады. Дарабастардың осылай-
ша фенотипті жағынан əртүрлі болып өзгеруін 
модификациялық
 
өзгергіштік
 деп атайды. Модификациялық өзгергіштіктің өзі 
белгілі бір реакция нормасымен шектеледі, яғни ағза белгілерінің 
өзгеруінің белгілі бір шамасы болады. Мысалы, сиырдың үш 
қасиетін алайық: оның сүттілігі азығы мен күтіміне тығыз бай-
ланысты. Дұрыс рацион құрып, қажетті мөлшерде азықтандыра 
отырып оның сүтін молайтуға болады. Бұл тез жəне көп өзгеретін 
қасиет. Ал сүтінің майлылығы сүттілікке қарағанда азық жəне 
күтім жағдайларына аз мөлшерде байланысты жəне ол сиырдың 
тұқымына тəн біршама тұрақты қасиет. Дегенмен құнарлы азық 
беру арқылы оны да аздап өзгертуге болады. Анағұрлым аз 
өзгеретін, тұрақты белгі – сиырдың түсі. Бірақ сиыр жүнінің түсін 
сыртқы орта жағдайларына мүлдем байланыссыз деуге болмай-
ды, ол да аздап болса өзгереді. Бұдан қандай белгі-қасиет болсын 
сыртқы ортаның əсерінен белгілі бір мөлшерде модификациялық 
өзгергіштікке ұшырайтындығын көруге болады.
Модификациялық өзгергіштік ағзаның көбею жолдарына, қандай 
биологиялық түрге жататындығына жəне өсу ортасына байланысты. 
Ол жер бетіндегі барлық тірі ағзаларда болады.
Модификациялық өзгергіштік генотиптің өзгеруіне байланыс-
ты емес, сондықтан олар тұқым қуаламайды. Бірақ гендердің қыз -
метіне жəне ферменттердің белсенділігіне əсер етуі мүмкін. Мы-
са 
лы, төменгі температурада кейбір ферменттердің белсенділігі 
кемиді. Соған байланысты зат алмасу үдерісі өзгереді де, ағзаның 
өсіп-дамуы баяулайды. Олай болса, сыртқы орта факторларының 
əсерінен көптеген физиологиялық, биохимиялық жəне морфология-
лық үдерісі өзгереді. Бірақ бұлар тек фенотиптік қана өзгерістер. 
Себебі мұндай жағдайда гендердің құрылымында ешқандай өзгеріс 
байқалмайды.
Модификациялық өзгергіштіктің реакция нормасы генотип 
арқылы анықталады.


178
Модификациялық өзгергіштікті зерттеудің статистикалық 
əдістері.
Мысалы, бір ағаштан үзіп алынған жапырақтардың ұзындығы 
мен енін өлшесек, олардың əртүрлі екендігіне көз жеткіземіз. Бұл –
жапырақтардың өсіп-дамуына орта жағдайлары, күннің түсуі, 
қоректік заттар мен судың тамыр арқылы жеткізілуі жəне т.б. 
бірдей əсер етпейтіндігіне байланысты болатын өзгергіштік. Егер 
жапырақтарды ұзындығы бойынша ең кішісінен үлкеніне дейін бір 
қатарға орналастыратын болсақ, бұл белгінің өзгергіштік қатарын 
көреміз (9-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет