Оқулық Алматы, 013 Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет140/146
Дата27.01.2022
өлшемі4,14 Mb.
#129990
түріОқулық
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   146
Байланысты:
burunbetova genetika neg

252
ТЕРМИНДЕР СӨЗДІГІ
Аберрация
 – хромосоманың  немесе хроматидтің өзгерген құрылымы. 
Аберрация  хромосомалар мен хроматидтердің  үзілуі жəне одан соң үзілген 
ұштарының  жаңа үйлесімде қайтадан  қосылуы нəтижесінде пайда болады.
Автополиплоид
 – бастапқы түрдің геномын еселеп көбейту негізінде 
алынған ағза.
Адаптация
 – бейімделушілік, ағзаның өздеріндегі немесе жаңадан 
түзілген белгілерінің арқасында ортаның дəл қазіргі жағдайларына тіршілік 
етуге мүмкіндік беретін қабілеттілік. 
Аддитивті гендер
 – өзара əрекеттесетін, қосынды əсері бар аллельді 
гендер.
Акроцентрлі хромосома
 – центромерасы бір ұшына өте жақын 
оналасқан хромосома.                   
Аллеломорф
 – гомологтық хромосомалардың гомологиялық 
учаскелерінде орналасқан гендердің жұп аллельдерінің бірі.
Аллель
 – гомологтық хромосомалардың гомологиялық учаскілерінде 
орналасқан геннің əртүрлі күйі. Мысалы, А
 
– геннің доминантты күйі
, а 
– 
сол геннің рецессивті күйі.
Аллополиплоид
 – əр түрге жататын ағзалар геномдарының еселеп 
көбеюі негізінде пайда болатын ағза.
Альбинизм
 – теріде жəне көздің түсті қабығында меланин пигментінің 
болмауы: тирозиназа ферменті геннің мутациясы нəтижесінде тирозин ме-
ланинге айналмайды (аутосомалық рецессивті гендік ауру).
Алькоптонурия
 – аутосомалық-рецессивті гендік ауру: оксидаза генінің 
мутациясы нəтижесінде гомогентизин қышқылының соңғы өніміне ыдыра-
мауы, аяқ-қол буындарының патологиясы жəне гомогентизин қышқылының 
несепте көп мөлшерде болуы. 
Амитоз
 – ядроның тікелей бөлінуі. Кейбір қарапайымдарда (амеба, 
кебісше, эвглена жəне т.б.) байқалады.   
Анафаза
 – жасуша ядросының митоздық жəне мейоздық бөлінуі 
сатыларының бірі.
Анеуплоидтар
 – негізгі гаплоидты санға еселі емес хромосомалары бар 
ағзалар немесе жасушалар.
Антимутагендер
 – мутация немесе тұқым қуалайтын өзгергіштік ту-
дыратын физикалық немесе химиялық заттарға қарама-қарсы əсер етуші 
заттар.
Аутбридинг
 – аса тығыз туыстық қатынаста тұрмайтын дарабастарды 
шағылыстыру. Бұған қарама-қарсы ұғымдар-инбридинг.


253
Аутосомалар
 – жыныс хромосомаларынан (Х жəне У) басқалары осы-
лайша аутосомалар деп аталады.
Ахандроплазия
 – аутосомалық-доминатты ауру. Сүйек жүйесінің ақауы 
(өспеуі жəне қисық болуы).
Бактериофаг
 – бактерияда тіршілік ететін вирус.
Бивалент
 – диплоидты организмнің мейоздық бөлінуі кезіндегі 
конъюгацияланушы екі гомологтық хромосомалар. Қалыпты жағдайда 
биваленттердің саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығы санына тең 
болады. Мысалы: адамда 2n=46, n=23, демек 23 бивалент түзеді.
Биометрия
 – математика əдістерінің биологияда қолданылуы. Популя-
цияны сипаттауда жиі қолданылады.   
Биотип 
– генотиптері бірдей дарабастардың жиынтығы.
Брахидактилия
 – аяқ-қол саусақтарының қысқа болуы. Аутосомалық-
доминатты тұқым қуалайтын ауру.         
Будан
 – генетикалық өзгеше ата-аналар формаларын шағылыстыру 
нəтижесінде алынатын дарабас.
Будандастыру
 – бір немесе бірнеше белгілері, аллельдері мен гендері
хромосомаларының құрылысы бойынша өзгеше өсімдіктерді немесе жану-
арларды шағылыстыру.
Вариация
 – дарабастар арасындағы немесе олардың сандық, сапа  лық 
белгілері арасындағы өзгешеліктердің (айырмашылықтардың) көрінуі.
Варината
 – вариацияланатын белгінің жеке мағынасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   146




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет