256
Жыныспен тіркескен гендер
– жыныс хромосомаларында орналасады
(Х,У), осы гендердің бақылауында болатын белгілер жыныспен тіркескен
тұқым қуалау деп те аталады.
Жиынтық
– биометриялық есептеулер жүргізу үшін қажетті,
зерттелетін ортақ белгілері
бойынша топтастырылған, көрсеткіштер сипа-
ты салыстырмалы түрде бірыңғай болғанымен, өзіндік өзгешеліктері бола-
тын дарабастар тобы.
Жиілік
– жиынтықтағы белгі мəнінің қанша
рет кездесетінін көрсететін
абсолюттік көрсеткіш.
Зигота
– жұмыртқа жасушасы мен сперматазоидтың қосылуы
нəтижесінде түзілетін диполидты жасуша.
Идиограмма
– хромосомалар жиынтығындағы əрбір жекелеген
хромосомалардың салыстырмалы мөлшерін, центромераларының,
серіктерінің жəне екінші
тартылуларының орындарын, гетерохро-
матиндерінің, иіндерінің ұзындығын көрсететін схемалық бейне.
Инбридинг
– туыстас дарабастар арасындағы шағылысу.
Инверсия
– хромосомаішілік құрылымдық қайта құрылу нəтижесінде
болатын өзгеріс.
Индекс
– күрделі белгілерді, құбылыстарды салыстыруға қатысты шама.
Ол қарастырылып отырған құбылыстың осы деңгейінің,
сол құбылыстың
өткен деңгейімен салыстырғанда қаншалықты өзгеретінін көрсетеді.
Интервал
– вариациялық қатардағы екі белгілер көрсеткіштері
арасындағы мəн.
Инсерция
– ауысушы генетикалық элементтің хромосома немесе
плазмидтің жаңа бір жеріне қосылуы.
Достарыңызбен бөлісу: